«Қысым көрдім»: Шерзаттың сотында айыпталушы Дархан Әскентай сұрақтарға жауап берді
Фото: Orda.kz
Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Түстен кейінгі сот отырсында сотталушы Дархан Әскентайдан жауап алуды жәбірленуші тарап жалғастырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Дархан Әскентайға сұрақтарды Мейірман Шекеев қоя бастады. Шекеев «Қаржаубай сізге дүкеннен шығуға немесе төлемді көрсет дегендей қысым көрсетті ме?» деген сұрақ қойды.
«Қаржаубай Шерзаттың мені себепсізден себепсіз ұрғанын түсінді де, сен ақша төлемедің деп бар назарды сол жаққа аударып тастады. Мені адвокатыммен де дұрыс кездестірмеді, оның үстіне жұрттың бәріне жексұрын болып біттім», —деп жауап берді Дархан Әскентай.
Сонымен қатар, Дархан Әскентай беттестіруде Қаржаубайдан кешірім сұрағанын айтты. Судья Дархан Әскентайдан сотқа дейінгі тергеуде нақты қандай қысым көргенін сұрады.
«Қаржаубай келіп: «бала қайтыс болып кетті» деген соң, не істеп, не қойғанымды білмей қалдым. Маған сол жерде: «қол қой» деді. Мен қойдым. Оның үстіне ешкім менің құқықтарымды баяндап, айтып берген жоқ», — деді Дархан Әскентай.
Осыған байланысты прокурор Ержан Құрақбаев судья Жанұзақовтан нақты қандай қысым көргеніне көз жеткізу мақсатында алдын ала тергеу барысындағы түсірілген бейнежазбаны жариялауды сұрады.
Күдікті Дархан Әскентайдың адвокаты Қалтаева оның нақты қысым көрген кезі ұсталған кездегі Талғардағы қысым деп айтқан еді. Сол үшін прокурор Құрақбаев: «Ақыры тек Талғарда қысым көріп Қонаев қаласында қысым көрмесеңіз, неге кастет жайлы айтпадыңыз?» деп сұрады. Оған Дархан Әскентай бәрін толық айту керек екенін білмегенін алға тартып, қысқа жауап қайтарды.
Прокурор әлеуметтік желіде Чика деп танылып кеткен куәгер Санат Әбдіқадірдің іс-әрекетін сұрады. Күдікті оның тек жігіттермен сөйлескенін көргенін, бірақ не туралы сөйлескенін естімегенін айтты. Ал төбелес Санат Әбдіқадір дүкенге кіріп кеткен соң, басталғанын айтты.
Сондай-ақ, Дархан Әскентай бұл жерде өздерінің кінәсі бар болуы мүмкін екенін, бірақ ол жақтан да кінәнің бар екенін баса айтты. Яғни, кінә екі жақтан да кеткенін меңзеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін айыпталушы тараптың адвокаттары бір ауыздан прокурор Дана Сәрсенбайды ауыстыру жайлы өтініштерін сотқа айтқан еді.
Бұған дейінгі сотта тілшілеріміз үзіліс кезінде адвокаттардан хуторлықтар мен Чика деген лақап аты бар азамат жайлы сұраған еді. «Делайте» деп бұйрық берген Чика деген лақап аты бар адам сотта куәгер болып жауап берді.
Бұған дейінгі сот отырысында басты куәгер әрі жәбірленуші, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов куәлік берді. Ол «хуторлық» жігіттерден жұрт сескенетінін, бұрындары көршілерін өлтіріп кеткенін баяндады.
Еске сала кетсек, 28 сәуір күні өткен сот отырысында Нұрбекова оқиға кезінде телефонға түсіріп тұрған әйелдің марқұмның әжесі Жұмабике Қадырова екенін мәлімдеген болатын. Оның сөздері бір-біріне қайшы болған соң, жәбірленуші тараптың адвокаттары оның дәрежесі куәгерден күдіктіге ауысуы мүмкін екенін айтты.
Өткен сот отырысында әжесі Жұмабике жұмыстан келгенде топ болып жабылып жатқан адамдарды көргенін, Шерзатқа ұмтылған анасын екі ер адам ұстап тұрғанын байқағанын айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бишімбиева да тура сол жағдайды баяндады. Сонымен қатар осы істе куә болған екі қыздың өзіне тас атқанын және бұзақылардың бірінің қолынан мылтық көргенін баяндап берді.
Еске сала кетсек, Талғарда 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды.
9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды.
Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін мына репортаждан оқи аласыз.
Еске сала кетсек, ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Әленов пен прокурор Берік Адамов және тергеу ісін қолға алған Самат Айысов 15 қазан брифинг өткізген. Олардың артынан ұсталғаны мәлім болды. Ұсталғандардың кім екенін сол брифингте белгілі болды.
Олар «хуторлықтар» деген қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.
Шерзаттың үйі өртенген түні болған оқиғаны мына сілтемеден оқыңыз.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?