Қырғызстан аумағына Ресей ұшағынан оқ-дәрілер түскен

cover Фото: Kyrgyzstan_online

Ыстықкөл үстінде Ресейдің жойғыш ұшақтарынан оқ-дәрілер түсіп қалған. Елдің қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz 24KG сайтына сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, 31 наурыз күні шамамен сағат 17:25-те Қанттағы Ресей авиабазасының Су-25 ұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындап жатып үшінші оқу бұрылысы кезінде екі оқ-дәрі өздігінен түсіп кеткен. Олар бос жатқан аумаққа құлаған. Зардап шеккендер жоқ.

Ресей әуе-ғарыш күштері қолбасшылығы арнайы комиссия тағайындау туралы шешім қабылдады.

Қырғыз Республикасы қорғаныс министрінің шешімімен оқиға себептері анықталғанға дейін оқу-жаттығу ұшулары тоқтатылды.

Қанттағы әскери аэродром Қырғызстанның Шу облысында орналасқан. Ол Бішкектен 20 шақырым, Қант қаласынан 2 шақырым жерде орналасқан. Ресей әуе базасын мемлекетаралық келісім негізінде пайдаланады.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар