Қырғыстанда Қазақстан азаматын іздестіріп жатыр

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Қазақстан азаматы Камалутин Халиковқа Камчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырды деген айып тығылып, іздеу жарияланды, деп хабарлады Orda.kz.

Арнайы қызмет деректері бойынша, ол Қарағанды облысы бокс федерациясының президенті. Құрылыс саласында активтері бар, бұрын Қазақстан аумағында ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактісі бойынша жауапқа тартылған және Қырғызстаннан Қазақстанға тауарларды контрабандамен әкелумен айналысқан.

Тергеу мәліметтері бойынша, Камалутин Халиков Камчыбек Асанбектің қылмыстық әрекеттері, бірнеше рет кісі өлтіру, адам ұрлау және қылмыстық қауымдастық құру бойынша сотталғанын біліп, онымен байланыс орнатып, Қырғызстанда бірлескен бизнес жобалар үшін қолғабыс етпек болған.

Камалутин Халиков Камчыбек Асанбектен бірнеше рет Ыстық-Көл облысындағы «Барс» демалыс орталығында кездескен.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар