«Қылмыс әлемінің серкелері қысым көрсетті»: Маңғыстаудағы теміржолшылар мәлімдеме жасады
Фото: бейнеден кадр
Бейнеу станциясының жұмысшылары еңбек жағдайының нашарлығына және арнайы киімдерінің сапасыздығына наразылық білдіріп, шағым түсірген. Алайда олардың айтуынша, «Қазақ темір жолы» жауап берудің орнына қорқытып, қысым көрсеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Маңғыстау облысындағы Бейнеу жол дистанциясының қызметкерлері бейнеүндеу жазып, еңбек құқығы бұзылғанын және бұл туралы айтқаннан кейін өздеріне қоқан-лоқы жасалғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде «Бәсе» басылымы жазды.
Жұмысшылардың айтуынша, еңбек жағдайы мен арнайы киім мәселесі талқыланған жиналысқа кәсіподақ төрағасы мен дистанциясының басшысы олар «қылмыс әлемімен байланысы бар» деп сипаттаған адамдарды ертіп келген. Кездесуден кейін бұл адамдар теміржолшыларға ашық қысым көрсетіп, «қоймасаңдар, жазалаймыз» деп қорқытқан.
Сондай-ақ, теміржолшылар «ҚТЖ» магистралды желісі Маңғыстау бөлімшесінің директоры Ерназар Ізтұрғанов пен оған қатысты барлық басшыларды қызметінен босатуды талап етті. Олардың пікірінше, қысым жоғары жақтың тапсырмасымен ұйымдастырылған.
Жұмысшылар мұндай жағдайдың өңірде бұрыннан бар екенін айтады. Бұған дейін де еңбекке қатысты наразылық туған кезде «қылмыс әлемінің серкелері» араласып ереуілдер басып-жаншылған. Маңғыстаудағы жұмысшылар арасында бейресми «бақылаушы» ретінде белгілі Әлібек Нарбеков (лақап аты – Алиба) туралы жиі айтылады. Оның бұған дейін ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны, рейдерлік және бұзақылық үшін сотталғаны белгілі. Теміржолшылардың сөзінше, ол өңірге келгеннен кейін кез келген наразылықты басып отырған.
Ал «Қазақстан темір жолы» компаниясы бұл жағдайды «ішкі түсініспеушілік» деп сипаттап, өңірге арнайы жұмыс тобын жіберетінін хабарлады. Компания ішкі тексеріс қорытындысы бойынша шешім қабылданатынын және бәрі еңбек заңнамасы аясында жүргізілетінін мәлімдеді:
«Бар мәліметтерге сәйкес, бұл жағдай жеке қызметкерлер мен өңірлік басшылық арасындағы түсініспеушілікке байланысты туындаған ішкі мәселе. Компания басшылығы жағдайды бақылауда ұстап отыр», деп жазылған ҚТЖ-ның ресми хабарламасында.
Алайда теміржолшылар мұнымен келіспейді. Олар мұны «түсініспеушілік» емес, қарапайым еңбекшілердің қауіпсіздік пен лайықты еңбек жағдайын талап еткеніне қарсы жасалған қысым деп есептейді.
Жаңалықтар
- Украина, АҚШ және Ресей арасындағы Абу-Дабидегі келіссөздер кейінге қалды
- Алматыда ер адам жүк көлігінің астына түсіп қаза тапты
- Жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқаны алматылыққа айыппұл салынды
- Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өртте жоғалған Қазақстан азаматына қатысты СІМ мәлімдемесі
- Шавкат Рахмонов екінші ота жасатқанын айтып, UFC-ге оралуды кейінге қалдырды
- Павлодардағы салынып жатқан көпір бір тәулікте екінші рет өртенді
- Белгілі әнші Ернар Айдар жаңа көлігімен мақтанамын деп айыппұл арқалады
- Талдықорғанда сұйытылған газ тиелген цистерналар рельстен шығып кетті
- Биылғы 1 ақпаннан бастап көп қабатты тұрғын үй құрылысына талап күшейтілді
- Еліміздің 12 қаласында ауаның ластануы жоғары
- Павлодарда салынып жатқан құны оншақты миллиард болатын көпірде өрт шықты
- Атырауда «жасыл белдеуді» құрылыс салу үшін берген ауыл әкімі қызметінен кетті
- Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, Australian Open-2026 жүлдесін иеленді
- Конституцияның жаңа жобасында экс-президенттердің өміріне қолсұғылмаушылық сақталған
- Теңіздегі мұнай өндіру қайта жанданып, қалыпты жұмыс басталды
- «Ұлттық қор – балаларға» қаражаты инвестиция арқылы өсе береді
- Прокуратура қыздар университетінің ғимаратын өзіне қайтарды
- 600 миллион теңгеге жөнделген Шнайдер көпірінің қирауы: ШҚО әкімі пікір білдірді
- ЕЭК Кеңесінің алғашқы отырысында Қазақстан өз басымдықтарын айқындады
- Ұлттық банк валюталық реттеу қағидаларына ауқымды түзетулер ұсынды