«Құлап бара жатқан Назарбаев» мүсіні Ресейдегі өнер мұражайына сатылды

cover Фото: Анвар Ракишев

Қазақстандық заманауи суретші Ербосын Мелдібековтің «Құлап бара жатқан Назарбаев» атты мүсіндері сатылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Туындыны Мәскеудегі Garage заманауи өнер мұражайы қомақты қаражатқа сатып алған. Бірақ өнер иесі нақты сатқан бағасын айтпады. Дереккөздердің мәліметінше, мұражай жеке меншікке тиесілі. 

Айта кетейік, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде наразы халық құлатқан Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің бес қола көшірмесі Талдықорғанда тұр. Автор экс-президент мүсінінің құлауға шақ тұрған сәтін бейнелеген. 

Айта кетейік, Қостанай облысында Рудный қаласының бұрынғы прокуроры Мұрат Теміртасұлы Оспановқа қатысты сот үкім шықты. Ол аса ірі мөлшерде пара алмақ болғаны үшін кінәлі деп танылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар