КСРО азаматтығы бар адамдар әлі де бар

cover

«Участок» жедел-алдын алу іс-шарасы және ҚР ІІМ нұсқауларын орындау аясында жергілікті полиция қызметінің және көші-қон басқармасының қызметкерлері бірқатар жұмыс жүргізген. Шара ҚР аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын уақытылы ауыстырмаған адамдарды табуға бағытталды.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына қатыстылығының дәлелі жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған өзге де шаралар барысында 172 адам анықталды. Оның ішінде 33 тұлға КСРО паспорты бойынша, 68-і басқа құжаттар бойынша, 22-сі құжаттары жоқ, 30-ы шет мемлекеттің азаматтығынан шығуына байланысты азаматтығы жоқ деп танылған тұлға ретінде анықталған», - дейді ведомство.

Жұмыс барысы Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар