ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды

cover Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталғанын мәлімдеді. Елге барлығы 10 275 адам қайтарылды, деп хабарлайды Orda.kz  сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Таяу Шығыс өңірінен Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 10 275 азаматы елге қайтарылды» деп жазылған хабарламада. 

СІМ мәліметінше, қазақстандықтарды эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, соның ішінде әуе және құрлық жолдарымен жүзеге асырылды.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен жұмысты үйлестіріп, азаматтармен тұрақты байланыста болып, оларға қажетті көмек көрсеткен.

«Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Отанға қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге көмектескен мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестерге алғыс білдіреді», деп қорытындылады министрлік. 

Еске салсақ, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі қауіпті жағдайға қарамастан сол жақтарға сапарлауға әрекеттеніп жатқан қазақстандықтар бар екенін айтып, ескерту жасады. 

3-наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтанына қазақстандықтарды эвакуациялауға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. Президент Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын Парсы шығанағы елдері азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған әуе шабуылдарына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар