Қостанайда 10 айлық бала жұмбақ жағдайда бақилық болды
Фото: envato
Қостанай облыстық балалар ауруханасына ентігу белгілерімен түскен сәби сол жерде қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Анасының айтуынша, 1 қарашада бала аздап ентігумен Қостанай облыстық балалар ауруханасына жүгінген. Пневмонияны анықтау үшін тексеру мен рентгенге түсіру мақсатында баланы ауруханада қалдырған. Алайда, келесі күні баланың жағдайы нашарлап, жан сақтау бөліміне ауыстырылды.
«Сағат 13:30-да дәрігерлер мені реанимацияға шақырды, бұл маған біртүрлі көрінді, өйткені бұған дейін рұқсат бермеген еді. Реаниматолог: «Өкінішке қарай, ұлыңыздан 13:00-де айырылып қалдық» деді. Мен бұл сөздерді өмірімде ешқашан ұмытпаймын» деп жазды Ақгүл Бердімұрат.
Ата-ана полицияға арыз жазды.
«Бұл дәрігерлердің кінәсі! Жұмадан дүйсенбіге дейін баламның азап шеккенін көріп, ештеңе істемегендердің бәрі кінәлі! Бұл — олардың немқұрайлылығы!» деп есептейді қайтыс болған баланың анасы.
Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді.
«Денсаулық сақтау басқармасы Қостанай облыстық балалар ауруханасында қайтыс болған баланың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Осы жағдайға байланысты Денсаулық сақтау басқармасы ішкі тексеру жүргізеді. Сондай-ақ, оқиға фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп мәлімдеді ведомство.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді