Қостанай облысында жоғалған жасөспірімнің денесі өзеннен табылды

cover Фото: Қостанай облысының ТЖД

Қарабалық ауданында 16 қараша күні сағат 16:30 шамасында жасөспірім Тоғызақ өзеніне балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған, деп хабарлайды Orda.kz Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

13 жасар баланы іздеуге құтқарушылар, полицейлер, еріктілер, жергілікті тұрғындар мен баланың  туыстары қатысты. Кинологиялық топтар аумақты түгелдей сүзіп шықты.


«Құтқарушылар мен еріктілердің жедел әрекетіне қарамастан, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады» делінген хабарламада. 


Жеткіншектің денесі сол күні кешке өзеннен табылды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар