Көше тазаламаған Талғар әкіміне 39 мың теңге айыппұл салынды
Фото: Егемен Қазақстан
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі азаматтардың жолдарды қар мен мұздақтан уақтылы тазартпау туралы арыздарына байланысты Талғар көше-жол желісінің жай-күйін тексеру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Тәртіп сақшыларының мәлімдемесіне сәйкес, тексеру барысында жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретін автожолдарды қысқы жағдайда дұрыс ұстамау фактілері анықталды.
«Материалдарды қарау нәтижесі бойынша Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы мен оның орынбасары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 631 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды» деп жазылған хабарламада.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңге болды. Сәйкесінше, 10 АЕК айыппұл - 39 320 теңге.
Оған қоса жолдарды қысқы күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйымдар ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-1-бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл сала отырып, шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны айтылған.
«Қабылданған әкімшілік ықпал ету шаралары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған. Жолдарды қысқы күтіп ұстау сапасын бақылау күшейтіледі», деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы облысында өзенді ластаған әкім мен жер иесі жазаланған болатын. Алматы облысының прокуратурасы тексеріс ұйымдастырып, өзеннің шын мәнінде қоқысқа айналғанына көз жеткізді.
Жаңалықтар
- Рыбакина тарихта тұңғыш рет Қазақстанды WTA финалына шығарды
- Көше тазаламаған Талғар әкіміне 39 мың теңге айыппұл салынды
- Жамбыл облысындағы фосфор зауытында жарылыс болды, зардап шеккендер жоқ
- Еуропа қақпасы жабылып, ресейліктер шенгеннен шеттетілді
- Қазақстан мен Қытай арасындағы автотасымалдауға шектеусіз рұқсат беріледі
- Трамп: Маған дейінгі президенттер Орталық Азия елдеріне лайықты көңіл бөлмеді
- Мәжілісте тендерге қатысқан депутаттарды түрмеге отырғызу ұсынылды
- Павлодарда құтқарушылар үйінді астынан ер адамның мәйітін тапты
- Елге 3,1 млрд теңгелік есірткі жеткізбекші болғандар әшкере болды
- Стамбұл Газа секторында геноцид жасады деген айыппен Нетаньяхуды қамауға алуға ордер шығарды
- Қатты бораннан Семейден Павлодар бағытына 50-ден астам көлік шыға алмай тұр
- Күн суытты, көктайғақ: 8 қарашадағы ауа райы болжамы
- Алматыдағы Академқалашықтағы дау: тұрғындар мен құрылыс компаниясы арасындағы текетірес
- «Мен бәрін көрсетемін, келіңдер»: Депутат Базарбек қызметтік пәтерін «қойылым» дегендерге жауап берді
- Алматыда 7 жастағы қызды басып кеткен жүргізуші 2 жылға сотталды
- Сүлейменова нүктесін қойды: Мұғалімдерді қудалауға дейін жеткізген «Мақсатты мектеп» жобасы тоқтады
- Енді ұстаздар да жасанды интеллектке көшеді: Қазақстан үкіметі OpenAl компаниясымен меморандумға қол қойды
- Асыранды балаларына ит-мысықтың етін жегізген емші Смановқа сот үкімі шықты
- Өскеменнің орталығындағы 80-нен астам үй жылусыз қалды
- Алматыдағы 13 адамның мүрдесі шыққан Almaty hostel қонақ үйі бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды