Коронавирус кесірінен авиакомпаниялар бұйымдарды сатылымға қоюда

cover

Мәселен, пандемияның зардабын тартқан Ұлыбританияның ірі әуе тасымалдаушысы «British Airways» бірінші класс жолаушыларына арналған заттарды сатуға мәжбүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында ыдыс, тамақ таситын арбалар, көрпелер мен аяқ киімдер бар. Арасында бұған дейін қолданыста болған бұйымдар да, жаңалары да кездеседі. Компания өкілдері қоймаларда көп заттар жиналып қалғанын айтады. Бұйымдарды сатылымға қоюдың тағы бір себебі де осы көрінеді. «British Airways» өкілдері коронавирус кесірінен рейстер саны 90 процентке дейін қысқарғанын мәлімдеді. Осы ретте әуе тасымалдаушы шығындарын азайтудың амалын жасап келеді. Мәселен, шілдеде аукционға 17 суретті сатылымға қойған. Сондай-ақ 13 мың қызметкерін қысқартатынын да мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар