Коронавирус ер адамды белсіздікке әкелетіні рас па?

cover

Бұрындары да коронавирустың бедеулікке әкелуі мүмкін деген болжамдар айтылған. Енді оның ғылыми негіздемесі дәлелденді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Коронавирус инфекциясы ер адамға екі түрлі әсер етеді:

  1. эректильді функциясы кері әсер етеді;
  2. ер адамның тұқымын нашарлайды.

Cleveland Clinic ауруханасының урологтарының айтуынша, коронавирус қан айналымын бөгейді. Сондықтан, ер адамға қан жетпей, оның  эректильді қабілеті төмендейді. Тіпті, жыныстық қатынасқа түсе алмай қалуы мүмкін.

Сондай-ақ, коронавирус ер адамды белсіздікке ұшыратуы мүмкін. Оны басында Қытайдың өзі айтқан. Олар коронавируспен ауырып шыққан еркектерге тексерістен өтуге кеңес береді. Бірақ оны растайтын ақпарат ғаламтордан алынып тасталған. Көрген-білгендер оны айтып қан жүрді.

Енді АҚШ Техас университетінің ғалымдары болжамға зерттеу жүргізіп, мұндай ақпараттың негізін тапты. Яғни, бұл ақпараттың растығын дәлелдеп шықты.

Эксперимент жануарларға жасалған. генетикалық жағынан адамға жақын сирия атжалманы бақылауға алынған.

– Біраз уақыттан кейін кеміргіш жануардың ұрық жасушасы ауруға шалдыққанын байқадық. Ұрық жасушасы вирусқа репликация жасап, кейін зақымға ұшырайтынын анықтадық, - деді ғалымдар Microorganisms журналына берген зерттеу қорытындысында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар