Коронавирус: Емделіп жатқан 240 адамның жағдайы ауыр

cover

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 14 желтоқсандағы мәліметі бойынша, қазір елде коронавирус жұқтырған 13 998 адам ем қабылдап жатыр. Олардың 1 041-і бала.

"Стационарларда 4 139 науқас жатыр. 21 828 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 240 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып жатыр. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" деп хабарлады министрлік 14 желтоқсанда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар