Коронавирус: Қазақстанда электронды вакцинация паспорты жасалды

cover

Жүйелі есепке алу мақсатында Қазақстанда электрондық вакцинация паспорты жасалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі жүйелі есепке алу үшін электронды вакцинация паспорты жасалғанын хабарлады. Вакцинация туралы мәліметтер Министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электрондық форматта сақталады.

«Ақпаратты m-gov мобильді қосымшасына пациент пен медициналық қызметкер веб-қосымшаға қолмен енгізе алады. Жүйе әлемдік ақпараттық жүйелермен интеграциялануға қабілетті және вакцинация алған барлық адамдарға сұраныс орны бойынша және еркін жүріп-тұру үшін ақпарат беруге мүмкіндік береді», - деп толықтырды Алексей Цой.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда Үкімет отырысы өтті. Кездесу барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша «сары аймақта» тұрғанын хабарлады. Елде коронавируспен аурудың ең жоғары деңгейінің мүмкін күндері де аталды. 1 ақпанға дейін Қазақстан коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды бастайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар