Корея геологтары Қазақстанда құны 15,7 миллиард доллар болатын литий кен орнын тапты
Кореяның геоғылымдар және минералдық ресурстар институты (KIGAM) Қазақстанның шығысындағы кен орнын игеру жоспарын жариялады.
Бұл туралы Korea Times хабарлайды.
Ғалымдар кен орнының көлемі 1,6 шаршы шақырымды құрайтынын хабарлады. Бұрын бұл жерден тантал өндірілген.
«KIGAM Қазақстан үкіметінің тапсырысы бойынша өткен жылдың мамыр айынан бастап танталдың әдетте литий мен цезиймен бірге жеткізілетінін ескере отырып, аймақты зерттеп жатыр» деп жазады The Korea Times.
Литий аккумуляторлардың негізгі құрамдас бөлігі болғандықтан, электромобиль өнеркәсібі және басқа да заманауи салалар үшін маңызды минералдардың бірі. Табылған ресурстардың құны шамамен 15,7 миллиард долларға бағаланады.
KIGAM келесі жылы литий өндіруді бастау үшін аймақта бұрғылау құқығына өтініш беруді жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
- Кезекті теракт: Пәкістанда 11 қауіпсіздік қызметкері көз жұмды
- Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы ортақ ұстанымдарын нақтылады
- Маңғыстаудағы Бейнеу полигонында әскери қызметші қаза тапты
- Түркістан облысында газ құбыры маңында көлік өртенді
- Burger King-тегі дау: Компания шетелдік екі басшыны жұмыстан шығарды
- Алматылықтар жер сілкінісін сезді
- Түркістанда тағы да жантүршігерлік оқиға: Басына секіріп, өлімші етіп сабаған
- Түркістанда 15 жастағы қыздың ішінен 1 келі шаш шықты
- Ақша берді ме? Қостанайлық полицейдің әрекеті видеоға түсіп қалған
- 4 баласы бар: Пашинян азаматтық некедегі әйелімен ажырасты
- Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
- Түркістан облысында қауіпті темекі түрін дайындап сатқан 3 цехтың жұмысы тоқтады
- АҚШ-та мектептегі хоккей матчында атыс болды: Үш адам оққа ұшты
- Түркістан облысында 4 жасар балақай 5-сынып бағдарламасын меңгерген
- Burger King желісіндегі дау: Басшылардың бірі уақытша шеттетілді
- СҚО-да ер адам танысының қолынан қаза тапты
- Тоқаев Си Цзиньпинді жаңа жыл мерекесімен құттықтады
- Екі құрбысы ажал құшқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі кінәсін мойындамай отыр
- «Қайта ұсталды»: Теміртауда полицейлер күдіктіден көз жазып қалған
- Burger King жанжалы: Шетелден келген басшы инклюзив жігітті қудалап жатыр ма?