Контрафактілік тауар: 17,1 тоннадан астам өнім айналымнан алынып, 29,9 млн теңгенің айыппұлы салынды

cover Фото: Orda.kz

Соңғы үш жылда Қазақстан аумағына шамамен 8,3 млрд теңгенің темекі өнімдерін контрабандалық жолмен әкелуге әрекет жасалған. Бұл туралы вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

«2023–2025 жылдар аралығында үшінші елдерден тауарларды контрабандалық жолмен әкелу фактілері анықталды. Аталған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды (барлығы 18 888 811 келі, 54 979 дана, 1 122 316 блок темекі, жалпы қаражат 8,285 млрд теңге. ЕАЭО елдерінен – 404 156 дана, 273 162 келі, жалпы ақшасы 638,998 млн теңге)», – деді Жұманғарин. 

Оның айтуынша, 2023–2025 жылдары мемлекеттік кірістер органы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты Зияткерлік меншік құқықтарын бұзу белгілері бойынша ӘҚБтК-нің 158-бабы негізінде 41 әкімшілік материал жасап, сотқа жолдаған.

«Әділет органдары 2025 жылы тексеру тағайындау туралы 318 акт (2024 жылы – 338) шығарды. Тексеру нәтижесінде 293 құқық бұзушылық (2024 жылы – 297) анықталды. ӘҚБтК-нің 158-бабы (өзгенің тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, географиялық көрсеткішті және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша 303 іс қозғалды (2024 жылы – 283). Әкімшілік жауапкершілікке 294 тұлға тартылды (2024 жылы – 267). Айыппұлдардың жалпы көлемі 32 866 529 теңге болды (2024 жылы – 22 138 422 теңге). Қазіргі таңда 11 іс сот қарауында (2024 жылы – 12), бір іс тоқтатылды. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 17 441 463 теңгеге бағаланған 205 222 дана контрафактілік өнім тәркіленді (2024 жылы – 149 591 939,72 теңге)», – деп нақтылады вице-премьер.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 42,72 млн теңге болатын 14 124 келі контрафактілік тауар тапсырылған. Бұдан бөлек, 68 дана атыс қаруына арналған бөлшектерді заңсыз алып өту дерегі анықталып, материалдар тиісті орындарға жолданған.

«Денсаулық сақтау органдары 2025 жылы 34 004 өнім (тауар) сынамасын зерттеді. Оның ішінде 7 624 сынама (22,4%) міндетті талаптарға сәйкес келмеді. Соның ішінде азық-түлік өнімдері – 22 060/2 509 (11,4%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 11 944/5 115 (42,8%)», – деді министр. 

Ол сондай-ақ жедел әрекет ету шаралары шеңберінде 1 807 өнімді сатудан алынған, 17,1 тоннадан астам өнім (жалпы 38,6 млн теңгеден астам) айналымнан алынып, 29,9 млн теңгеден астам айыппұл салынғанын мәлімдеді. Сонымен қатар 936 тергеу жүргізіліп, 1 342 жоспардан тыс тексеру ұйымдастырылған, ЕАЭО елдері өндірушілеріне талапқа сай келмейтін 159 өнім атауына қатысты 30 хабарлама жолданған.

Бұдан бөлек, биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ), балалар тағамы және өзге де өнім түрлерін жарнамалайтын 4 927 таратушыға мониторинг жүргізілді. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі жоқ тағамдық ББҚ сататын әлеуметтік желідегі 977 профиль анықталды.

Жұманғариннің айтуынша, Meta компаниясы Instagram әлеуметтік желісіндегі тоғыз профильдік парақшаны жойған.

Ішкі істер органдары 2025 жылғы 4–7 тамыз аралығында өткен «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз айналымнан еркін саудаға тыйым салынған 2 мыңға жуық өнімді тәркілеген. Оның ішінде 1 709 контрафактілік CD-DVD дискісі, 67 арнайы техника құралы және 300-ден астам өзге де тыйым салынған өнім бар.

Сондай-ақ интернет желісін мониторингтеу барысында заңсыз ақпарат таратқан 205 шетелдік интернет-ресурс анықталып, тиісті материалдарды қарау және шешім қабылдау үшін мәдениет және ақпарат министрлігінің «Кибернадзор» жүйесіне жолданған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар