ҚМДБ энергетикалық сусындар пәтуасын жариялады

cover Фото: Matteo Paciotti/Flickr

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлады Orda.kz.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының айтуынша, энергетикалық сусын құрамында кофеин, қант, психостимуляторлық заттар бар, орталық жүйке жүйесіне стимулятор ретінде әрекет ететін психикалық және физикалық адамдардың денсаулығына әсер ететін тәуелділікті тудырады. Алкогольді және құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да оны ішуге тыйым салынатыны жайлы Құраннан дәлелдемелер келтірді.

Сонымен, ҚМБД-ның шешімі бойынша:

  • Егер сусын құрамында шариғатта харам саналатын заттар болса, оны ішуге тыйым салынады.
  • Алкогольді энергетикалық сусындар ішу – харам.
  • Алкогольсіз энергетикалық сусындарды ішу харам емес, бірақ олардың денсаулыққа зияны бар-жоғын ескеру қажет. Егер зияны анықталса, одан бас тартқан дұрыс.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМДБ қалың малды қыздың рұқсатымен мәһірге жатқызуға болатынын туралы пәтуа шығарған еді. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар