«Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті

cover Фото:Бейнеден кадр

Алматы облысында еріген қар суы «Кеген–Нарынқол» тас жолының бір бөлігін шайып, қозғалыс уақытша шектелді. Қазір көліктер айналма жолмен жүріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

3 сәуір күні сағат 11:30 шамасында республикалық маңызы бар «Кеген – Нарынқол» автожолының 20-шақырымында жол төсемі шайылып, су өткізу құбыры зақымданды. Бұл учаске бұған дейін су тасқыны қаупі бар аймақтардың қатарына кірмеген. Қазір жол бөлігі орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан, мердігер ұйымның қарауында. Бұл жолмен тәулігіне шамамен 500 көлік қатынайды. 

Оқиғадан кейін көлік қозғалысы уақытша шектеліп, автокөліктер қиыршықтасты айналма жол арқылы жіберілуде. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында, апатты учаскеде шамамен 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Жақын күндері қиыршықтас төселген уақытша айналма жол салу жоспарланған. Ал негізгі жол мен су өткізу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары еріген судың толық өтуінен кейін басталады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар