Казнетте 5G-дің бұлт құрылымына әсері қызу талқылануда

cover Сурет бейнежазбадан алынған

YouTube платформасында видео жарияланған. Автор 5G-дің бұлт құрылымына әсері болуы мүмкін деген. Бейнежазбаның астында түрлі пікірлерді кездестіруге болады. Бұл туралы Stopfake.kz хабарлады.  

https://www.youtube.com/watch?v=DrGdGwEnVfw&feature=share&ab_channel=%D0%9F%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%B4%D0%BE%D0%B8%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D1%81%D0%BF%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F

Басылым «бейнежазбадағы бұлттардың ешқандай ерекшелігі жоқ» дейді. Бұлттардың құрылымы жыл-мезгілдеріне байланысты өзгеріп тұрады. Сонымен қатар, жауын-шашын осыған ұқсас бұлттардан жауады.  

Бұған дейін Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда бүгінде 5G толқыны болуы мүмкін емес деп мәлімдеді, өйткені технология елде әлі іске қосылмаған. Ол үшін жабдық сатып алынбаған және қажетті лицензиялар алынбаған.

Бұған дейін Интернетте 5G толқындары адамдардың иммунитетін төмендетеді және коронавирустың таралуына ықпал етеді деген хабарламалар жіберілген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) кең таралған қауесеттерді жоққа шығарды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар