Қазақстанның сыртқы қарызы миллиардтаған долларға өсті
Коллаж: Айқын
2025 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелері 6,7 миллиард АҚШ долларына артты, деп хабарлайды Orda.kz.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 171,4 миллиард АҚШ долларына жетті. Жыл басынан бері ол 6,7 миллиард долларға ұлғайған. Ұлттық банктің мәліметінше, тоғыз ай ішінде сыртқы қарыздың өсуіне төлем балансының операциялары 5,3 миллиард доллар көлемінде ықпал еткен. Ал тағы 1,4 миллиард доллар валюталық бағамдардың өзгеруі, құндық және өзге де факторлар есебінен қосылған.
«Сыртқы қарыздың шамамен 87,8 пайызы өтеу мерзімі бір жылдан асатын ұзақ мерзімді міндеттемелерге тиесілі. Мұндай құрылым өтімділік тәуекелдерін төмендеткенімен, қарызды өтеу нарықтық жағдайларға тәуелділікті күшейтеді», — деп атап өтті реттеуші.
Қаржылық құралдар түрлері бойынша қарыз құрылымында резидент емес тұлғалардан алынған несиелер мен қарыздар басым болып отыр — олардың үлесі 71,4 пайызды құрайды. Ал шетелдік инвесторлардың иелігіндегі борыштық бағалы қағаздардың үлесі 10,6 пайызға тең.
Сыртқы қарыздың негізгі бөлігі бұрынғысынша жеке секторға тиесілі. 1 қазанға қарай оның резидент еместер алдындағы берешегі 134,4 миллиард доллар болды. Мемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 16,2 миллиард долларға дейін өсті, ал банктер мен мемлекет бақылауындағы ұйымдардың міндеттемелері 20,8 миллиард долларға жетті. Мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз көлемі 3,2 миллиард доллар болды.
Бұған дейін Halyk Finance сарапшылары мемлекеттік қарыздың одан әрі өсу тәуекелдері жөнінде ескерткен болатын. Олардың бағалауынша, сыртқы қарыз алуда елеулі рөлді салааралық (ішкікорпоративтік) қарыздар атқарады. Бұл — шетелдік бас компаниялардың қазақстандық еншілес ұйымдарына беретін несиелері, негізінен мұнай-газ саласында шоғырланған. Сарапшылар қарыздың қазіргі өсім қарқыны сақталған жағдайда, бюджеттің экономиканы қолдау мүмкіндіктері біртіндеп шектеле түсетінін атап өтті.
Еске салсақ, ел бюджетінің тапшылығы 5,8 трлн теңгеден асты. Ал сыртқы қарыз 172,8 млрд долларға жетіп, бұрын-соңды болмаған тарихи рекорд орнатты.
Қазақстанның сыртқы қарызы 2024 жылдың басымен салыстырғанда 3 миллиард долларға өсіп, 166,7 миллиард доллар болды.
Жаңалықтар
- 2026 жылдың соңына дейін тоғыз жаңа ұшақ сатып аламыз
- Қазақстанның сыртқы қарызы миллиардтаған долларға өсті
- Жаңа жыл түні ІІМ-ге 11 мыңнан астам қоңырау шалынды
- Құтқарушыларымыз жаңа жыл түні 200-ден астам жорыққа шықты
- Financial Times 2026 жылғы негізгі әлемдік оқиғаларға болжам жасады
- Жаңа жыл түні жаңа дүние есігін ашқан сәбилер
- Қазақстан елшіліктері 1 қаңтардан бастап шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады
- Жаңа жыл түні Тараз мейрамханасынан жүздеген адам эвакуацияланды
- Елімізде дерекқордағы жеке мәліметтерді оңды-солды қолданғандарға ірі айыппұл салынады
- Қазақстан мұғалімдері мәжбүрлі жарналарды жоюды талап етіп, петиция жариялады
- Қар аралас жаңбыр - 1 қаңтардағы ауа райы болжамы
- Тоқаев халықты жаңа жылмен құттықтады
- Жаңа жыл қарсаңындағы игі тілектер
- «Қазақмыс» корпорациясын Qazaq Stroy сатып алды
- Тоқаев Бибігүл Төлегенова мен Олжас Сүлейменовке мемлекеттік стипендия тағайындады
- «Көзі ағып кеткен»: Ақтөбеде 18 жастағы курсанттың қазасына байланысты әскерилер сотқа тартылды
- Тоқаев ЕАЭО-ға мүше елдердің басшыларына үндеу жолдады
- Таразда есірткі сатпақ болған полиция бөлімінің басшысы ұсталды
- Германиядағы ең ірі тонау: Ұрылар үптеп кеткен қаражат тоқсан миллионға жетіп жығылады
- Өскеменде автобус жүргізушісі рөлде отырып жан тапсырды