Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл қызметке Мағжан Ілиясов келді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды», деп хабарлады Ақорда.
Ол Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Исландиядағы, Ирландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Мағжан Жанботаұлы Ілиясов 1974 жылғы 26 тамызда Алматы қаласында туған.
Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар факультетін үздік бітірген және Дж. Кеннеди атындағы Гарвард университетінің Мемлекеттік басқару мектебінің магистратурасын аяқтаған.
Дипломатиялық мәнсабын 1996 жылы ҚР СІМ Халықаралық ұйымдар мен халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті, кейіннен Атташесі лауазымдарынан бастады.
Айта кетейік, АҚШ-тың да Қазақстандағы елшісі жуырда ғана тағайындалып еді. Бұл лауазымға Джули Стаффт келген.
Жаңалықтар
- Астана соты 5 адамды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты
- Балалар бапкерінен Винисиусқа қарсы: «Бізге жеңіс керек» – Тапалов
- Алматыда таудағы жарыс кезінде 70 жастағы спортшы қайтыс болды
- Қытайда теңізге ұшақ құлады
- 2 млрд теңге жымқырған депутат қамауға алынды
- AZAL ұшақ апаты туралы Ресей жасырған шындықты айтқан жолаушы көз жұмды
- Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды
- Мыңдаған тонна Қазақстан пиязы Ресейде ұшты-күйлі жоғалды
- Абайдың «Бойы бұлғаң» әні Грэмми ұсынған әлемдік альбомға енді
- Қандай алаяқтық несиелер есептен шығарылады
- Қара халықтың «қанын қайнатқан» қолжетпес тариф кімнің қалтасын қампайтып жатыр?
- Air China ұшағында қол жүгінде жатқан литий батареясы жанып кетті
- Қазақстанның бір өңірінде екі АЭС салу қажеттілік пе?
- Ресейлік Су мен түркиялық F-16 эскорты: Путиннің Будапештке қалай жететіні белгілі болды
- Еліміздегі жаңа Салық кодексіне петиция жарияланды
- Астана сотының ғимаратына кірмекші болған мүгедектер арбасындағы әйел омақаса құлады
- Бектенов өңірді дамыту бойынша артта қалған Абай облысының әкімі Берік Уәлиге талап қойды
- Ақтауда қыз бала элиталық үйдің 18-қабатынан құлап, жан тапсырды
- «Қазақстан барысы – 2025»: Еліміздің ең мықты – балуаны әскери қызметші
- «Монархия емес, демократия»: АҚШ-та Трамп саясатына қарсы тағы да ауқымды наразылық өтті