Қазақстандық студенттер Гарвардтағы оқуын жалғастырады
Фото: Elements.envato.com
АҚШ-тың федералдық соты Гарвард университетінің шетелдік студенттерін жаппай елден шығару және жаңа оқу визаларын беруге тыйым салу туралы шешімнің күшін 20 маусымға дейін жойды, деп хабарлайды Orda.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Сот Дональд Трамптың шетелдік студенттер мен зерттеушілердің Гарвард университетіне оқу мақсатында кіруіне тыйым салатын жарлығын уақытша тоқтатты. Бұл – АҚШ президентінің көші-қон саясатына қарсы алғашқы маңызды заңды соққы болды. Қазіргі уақытта жарлықтың күші 20 маусымға дейін тоқтатылған.
Университет Трамп әкімшілігіне қарсы шағым аясын кеңейтіп, бұл шешім «тікелей және орны толмас зиянға» әкелуі мүмкін деп мәлімдеді. Келесі тыңдау 16 маусымға белгіленген.
Трамп 5 маусымда қол қойған жарлық Мемлекеттік департаментке Гарвардпен байланысы бар шетелдік студенттер мен зерттеушілерге елге кіруге тыйым салуды міндеттеген. Құжат алты айлық мораторий енгізіп, АҚШ-та жүрген студенттердің визаларын қайтарып алуды көздеген. Жоғарыда аталған шешім бойынша тек «ел мүддесі үшін» қалуға рұқсат етілген жағдайда ғана олар елде қалатын болған.
АҚШ президенті әкімшілігінің пікірінше, Гарвард университеті шетелдік студенттердің заңсыз әрекеттерін жасырып отыр.
«Университеттер үшін шетелдік студенттерді қабылдау – құқық емес, артықшылық. Олар олардың есебінен миллиардтап қорларын толықтырып отыр», – деді АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрінің орынбасары Триша Маклафлин.
Гарвард президенті Алан Гарбер бұған жауап ретінде университет студенттерді қорғау бойынша жоспар дайындап жатқанын айтты.
«Біз халықаралық студенттер мен зерттеушілердің осы жазда және алдағы оқу жылында Гарвард академиялық қауымдастығының бір бөлігі болып қалуы үшін барымызды салып жатырмыз», – деді ол.
Университет Трамптың әрекетін «саяси кек алу» деп бағалап отыр. Гарвард барлық заңмен талап етілген мәліметтерді ұсынғанын айтып, тәртіптік шаралар мен кампустағы «зорлық қылмыстарының өскені» туралы айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Осы кезде жарамды визасы бар жеті мыңнан астам студент пен зерттеуші елден депортациялану қаупіне тап болды.
Бұл – Трамптың Гарвардқа қарсы алғашқы әрекеті емес. Бұған дейін ол шетелдік студенттер үлесін 15%-ға дейін шектеуді, салықтық жеңілдіктерді алып тастауды және 2,6 млрд доллар көлеміндегі федералдық қаржыландыруды тоқтатуды талап еткен. 4 маусымда оның әкімшілігі Колумбия университетінен аккредитацияны қайтарып алу туралы өтініш те жіберген.
2018 жылы АҚШ Жоғарғы соты президенттің елге кіруді шектеу құқығын қолдаған — ол кезде бұл шешім бірнеше мұсылман елдерінің азаматтарына қатысты болған. Енді Гарвард ісі де Жоғарғы сотқа дейін жетуі мүмкін.
Бұған дейін хабарланғандай, АҚШ-тың Бостон қаласындағы федералдық соты Дональд Трамп әкімшілігінің Гарвард университетіне шетелдік студенттерді, соның ішінде Қазақстан азаматтарын қабылдауға тыйым салу туралы шешімін уақытша тоқтатты. Қазіргі таңда Гарвардта жеті қазақстандық азамат білім алып жатыр.
Жаңалықтар
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
- Алматы тауларына көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды
- Ақтаудағы Назарбаев ашқан шыныпластик құбыр шығаратын зауытта тапсырыс жоқ
- Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп, бір миллион долларын өндіріп алды
- Трамп әкімшілігі Гарвардты сотқа берді
- Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 15 ақпаннан бастап қабылданады
- ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады
- Қазақстан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының медальдық есебінде 15-орында
- Олимпиада-2026: Қазақстандықтардың 14 ақпандағы жарыс кестесі
- Бүгін «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді
- Тоқаев Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады
- Олимпиадада Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан сенсациялық жеңіске жетті
- Тоқаев АҚШ елшісі Джули Стаффтпен кездесті
- Алматыда ер адамды «сөйлесуге» көшеге шақырып, сабап кеткен күдікті ұсталды
- Павлодарда зейнеткер «ҚМА қызметкерінің» құрығына түсе жаздады
- «1 млрд доллардан астам қаржы жымқырған»: СІМ АҚШ-та екі бірдей қазақстандықтың ұсталғанын растады
- Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды
- Алматыда дін қызметкері Иаков Воронцов нашақорлар тобын құрып ұсталды
- Судья Светлана Жолманова тағы қылмыстық іс арқалады
- Тағы да Талғар — зәреңді алар: Ғалымжан Шерзатұлының өліміне кім кінәлі?