Қазақстанда телефон нөмірін бір оператордан екіншісіне көшіру тәртібі өзгеруі мүмкін
Фото: pexels.com
Қазақстанда абонент нөмірін бір оператордан екіншісіне көшіру тәртібі қайта қаралмақ. Жаңа жобаға сәйкес, SIM-карта алғаш қосылғаннан кейін 60 күн өтпесе, оператор нөмірді көшіруден бас тарта алады. Ал сұранысқа жауап беру уақыты 10 минутпен шектеледі. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдері бұл өзгерістер клиент тәжірибесін жақсартады дейді. Бұйрық жобасы осы жылдың 6 наурызына дейін "Ашық НҚА" порталында жария талқылауда болады.
Айта кетейік, Қазақстанда абонент нөмірін көшіру (Mobile Number Portability — MNP) қызметі 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл жүйе пайдаланушыға телефон нөмірін сақтай отырып, байланыс операторын ауыстыруға мүмкіндік береді. Механизмді реттейтін негізгі құжат — 2015 жылғы №1105 бұйрық.
Қазіргі уақытта нөмір көшіру процесі Орталық дерекқор (ЦБДАН) арқылы жүзеге асады: абонент жаңа операторға өтінім береді, ал бұрынғы оператор (донор) сұранысты техникалық тұрғыда растауы керек.
Ұсынылып отырған өзгерістер екі негізгі норманы енгізеді. Біріншісі, егер нөмір алғаш рет қосылғаннан кейін 60 күн өтпесе, оператор көшіруден бас тартуға құқылы болады. Бұл маркетингтік акцияларды теріс пайдаланудың алдын алу шарасы ретінде түсіндіріліп отыр. Ал екіншісі, донор-оператор сұранысқа ең көп дегенде 10 минут ішінде жауап беруге міндеттеледі. Бұл нөмір ауыстыру кезіндегі байланыс үзілуін азайтуға бағытталған. Жоба әзірлеушісі — Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Трамп Иран өркениеті «жойылуы» мүмкін екенін тағы мәлімдеді
- Перизат Қайраттың тағы бір көлігі мемлекет меншігіне өтті
- Такер Карлсон: «Сен кімсің, Трамп? Өзіңді Құдаймын деп ойлайсың ба?»
- Жезқазғанда «өрмекші адам»: Терезеден түспек болған ер адамды полиция әрең құтқарды
- 500 миллионнан аса заңсыз табыс: NBC TV қаржы пирамидасын тергеу ісі аяқталды
- АҚШ пен Израиль Иранның басты мұнай аралын атқылады
- Павлодарда жүргізушіні ұстаған видео дау тудырды
- «Сабырымыз шегіне жетті»: ИРСК АҚШ пен серіктес елдерге шүйлікті
- Стамбұлда Израиль консулдығы маңында атыс болды: Қаза тапқандар бар
- Түркістан облысында бірнеше полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
- Трамптың қоқан-лоққысы және жүзеге аспай тұрған бітім: АҚШ–Иран соғысы қай кезеңде?
- Астанада 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
- Германияда қымыз ең жиіркенішті тағамдар музейіне тап болды
- Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды
- Еліміздің барлық өңірінде су тасқыны қаупі сейілді ме?
- Павлодар облысында сегіз әкім жауапкершілікке тартылып, 1,7 млн теңге айыппұл төледі
- Иранның жоғарғы жетекшісі ес-түссіз жатыр — The Times
- Дрондар Солтүстік Корея шекарасын кесіп өтті: Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің кешірімін қабылдады
- Иран билікке қарсы тұлғаларға қатысты үкімді жеделдетпек
- Тоқаев Вьетнамның жаңа сайланған президентін құттықтады