Қазақстанда ресейлік миллиардердің компаниясына 24 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Envato
Павлодарда KDV Kazakhstan компаниясы монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, 24 млн теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпараты бойынша, фирма көтерме саудагерлерге арналған бірдей өнімдерге әртүрлі бағалар қойған. Компанияның «Яшкино» және O ' Zera брендтеріндегі тәттілерге қойған бағасы кондитерлік өнімдердің көтерме нарығындағы бәсекелестікті шектеді.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері расталды. Іс материалдары сотқа беріліп, компания жауапқа тартылды. Енді KDV Kazakhstan айыппұлды бір ай ішінде төлеуі тиіс.
«KDV Kazakhstan» ЖШС KDV Group ресейлік азық-түлік холдиңгіне жатады. Оған 15 фабрика және 700-ден астам өнім түрі тиесілі. Холдингтің өнімі Қазақстанға және ТМД-ның басқа елдеріне жеткізіледі. KDV Group-ты ресейлік кәсіпкер Денис Штенгелов құрған. Оның байлығы Forbes-тің 2023 жылғы ақпараты бойынша, шамамен 1,3 миллиард долларға бағаланды.
Айта кетейік, ел бюджетінің тапшылығы 5,8 трлн теңгеден асты. Ал сыртқы қарыз 172,8 млрд долларға жетіп, бұрын-соңды болмаған тарихи рекорд орнатты.
Жаңалықтар
- Қазақстанда ресейлік миллиардердің компаниясына 24 млн теңге айыппұл салынды
- БАӘ Мәсімовтің күйеу баласын Қазақстанға қайтарудан бас тартты
- СҚО-да әлі ашылу салтанаты өтпеген Міржақып Дулатұлының мемориалын қасақана қиратып кетті
- «Даттың» бұрынғы бас редакторы Нұртаза Қадырниязовты полиция үйінен ұстап әкетті
- «Бәйтерек» Ұлттық холдиңгінің атауы өзгертілді
- Мас күйі 3 балықшыға оқ жаудырған ер адам 15 жылға сотталды
- Ресей мен АҚШ Украинаға қатысты талаптарын Трамптың бейбіт жоспары ретінде көрсетуге келісті
- Семейде жарыстан қайтқан Азия чемпионы жол апатынан опат болды
- Қазақстанның сыртқы қарыздары тарихи рекордқа жетті
- Ақтөбеде студентті дәретханада зорламақ болған ер адам сотталды
- Лувр мұражайын тонаған күдіктілердің бәрі қолға түсті
- Апелляция Дикий Арманның ісі бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды
- Рудный көшелерін қазақшалауға қарсы шыққан әйел айыппұл арқалады
- Forbes тізімі өзгереді: «Қазақмыс» пен «Қазмырыш» басқа адамдардың қолына өтеді
- Рахат Әлиевтің есімі Джеффри Эпштейннің хаттарында аталды
- Прокурорлар Нығматулинге көмек көрсеткені туралы ақпараттың «көзін жойды»
- Депутат Қызылордада жазасын өтеп жатқан Думан Мұхаммедкәріммен кездесті
- Тоқаев Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
- Украина дрондары Ресейдегі Каспий құбыр консорциумының әкімшілік кеңсесіне зақым келтірді
- Жетімдерді баспанасыз қалдырған депутат 67 млн пайда көрді