Қазақстанда белорус блогері Mellstroy-ге іздеу салынды

cover Фото: Instagram Mellstroy

Қазақстан билігі Беларусь блогері Андрей Буримге (Mellstroy) іздеу салды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астанадағы экономикалық тергеулер департаменті істі 15 қарашада тіркеген. Блогердің әлеуметтік желілерде ауқымды аудиториясы бар: Instagram-да 3 миллионнан астам, Telegram-да шамамен 1 миллион оқырманы бар. Оны тікелей эфирде бір қызды соққыға жығып, құмар ойындарды насихаттаған соң жұрт тани бастады.

Қазір Mellstroy пәтерлерді ұтысқа шығарып, іс жүзінде құмар ойынды жарнамалап отыр. Оның онлайн жүргізіп отырған ісі Қазақстандағы азаматтарға да әсер етіп жатыр. Мысалы: Талдықорған тұрғыны жеңіске жету үшін аты-жөнін «Гейм Меллстрой Серікұлы» деп өзгертті, Астанадағы бір қатысушы MEGA Silk Way сауда орталығында жартылай жалаңаш жүгіріп, 15 тәулікке қамалды.

Қарашаның басында Минск соты Mellstroy-дың барлық әлеуметтік желілердегі арналарын, логотиптерін және таңбаларын экстремистік деп таныды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар