Қазақстан не үшін орыс тілін дамытқалы отыр?
2024 жылдың қараша айында Қазақстан парламенті орыс тілін қолдау мен дамыту мақсатында құрылған Халықаралық ұйым туралы келісімді қолдады. Қазақстан қоғамы бұл қадамды қызу талқылап жатыр. Негізгі сұрақтардың бірі – орыс тілі жойылып бара ма? Расымен оны қолдауға күш салу керек пе?
Осы сұрақтарды Orda.kz тілшісі саралап көрді.
Ұйым 2023 жылдың қазан айында Бішкекте өткен ТМД саммитінде құрылды. Оның құрылуына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болды. Ресей Президенті Владимир Путин ұйымның штаб-пәтерін Сочиде орналастыруды ұсынды. Штаб-пәтер сол қалада орналасты.
Жаңа құрылымның мақсаты – орыс тілінің мемлекетаралық қатынас пен халықтар арасындағы коммуникация құралы ретінде позициясын нығайту. Орыс тілінің мәртебесін халықаралық ұйымдарда, мысалы, БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭО және ШЫҰ сияқты ұйымдарда көтеру, сондай-ақ орыс тілін және мәдениетін таратуға көмек көрсету сияқты мақсаттарды көздейді.
Қазіргі уақытта ұйымдық құрылым әлі қалыптаса қоймады. Ол толық іске қосылғанға дейін хатшылық жұмыстарын Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі уақытша атқарып жатыр. Практикалық қызметі 2024 жылдың күзінде басталады деп жоспарланды.
Ұйымның негізгі міндеттері:
- білім беру және мәдени бағдарламалар өткізу;
- қатысушы елдерде орыс тілін оқытуды қолдау;
- ТМД аумағынан тыс жерде орыс әдебиеті, өнері мен мәдениетін дәріптеу;
- орыс тілін үйреніп жатқан студенттер мен ғалымдарға гранттар мен стипендиялар ұсыну.
Қазақстанға мұның қажеті қанша?
Саясаттанушы Ғазиз Әбішев ұйымды құру бастамасын Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты деп түсіндірді. Путиннің саясаты үшін орыс тілі – «жұмсақ күш» құралы болып тұр. Ал оның дамуы Ресей үшін халықаралық аренадағы дәрежесін сақтауы үшін маңызды.
«Ресейдің Украинаға қарсы соғысында орыс тілі басты мәселе болып тұрған жоқ. Бірақ Украинаға қатысты осындай агрессивті әрекеттерге түрткі болған триггерлердің бірі десек болады. Бұл тек тіл мәселесі емес: бұл, әрине, Украинаның НАТО-ға қосылуға ұмтылуы, Ресейге қатысты саяси риторика және басқа да факторлар. Тіл — Ресей үшін сезімтал тақырып, сондықтан ол оны насихаттайды. Бұл тек қана Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы емес, келіссөздер барысында пайда болған тақырып болуы мүмкін. «Негізі бұл бастаманы басқа ел көтергенде жақсы болар еді», — деді саясаттанушы.
Сарапшы Қазақстан әрдайым континенттегі күштер теңгерімін салқынқандылықпен бағалап, қай жерде қаталдық, ал қай жерде икемділік көрсету қажеттігін ұғатынын атап өтті. Оның сөзінше, Украина қатты кеткен.
«Қазақстандағы мемлекеттік тілге қатысты пассионарлықтың артуы екі ел арасындағы қарым-қатынаста белгілі бір шиеленіс туғызды. Сондықтан бұл, негізінен, мейірімділік танытқан әрі прагматикалық қадам ретінде, өз одақтасына деген ықылас білдіру және оның кейбір үміттеріне жауап десек болады. Бар жағдай қосылып Қазақстанның орыс тілін қолдау ұйымын құру бастамасына әкелді. Менің ойымша, бұл ештеңені өзгерте қоймайды, бұл негізінен символикалық қадам», –деп атап өтті саясаттанушы.
Сарапшы орыс тілінің Қазақстанда өз құрылымын сақтап отырғанын, бірақ мемлекет тарапынан басымдық мемлекеттік тілдің дамуына берілетінін атап өтті. Бұл, ең алдымен, демографияға қатысты. Қазақстанға көрші аймақтардан қандастар белсенді қоныс аударып жатыр, ал орыс тілінде сөйлейтін халықтың саны азайып барады.
«Сондықтан ұйым қаншалықты белсенді әрекет етсе де, Қазақстанда негізгі бағыт — мемлекеттік тілдің дамуы, бірақ бұл орыс тілі есебінен емес. Бұл ұйымның болуы орыс тілінің қолдану аясын нақты кеңейтуге әкеле ме? Бұл да күмәнді, себебі мұнда нарық заңдары жұмыс істейді және әлемдегі басты экспансионистік күш — бұл ағылшын тілі, оны көптеген елдерде көп адам сөйлейді. Келесі бірнеше онжылдықта орыс тілі ағылшын тілімен бәсекелесе ала ма, жоқ па, күмәнді», — деп түйіндеді Ғазиз Әбишев.
Ол сонымен қатар ұйым құруды саясаттан гөрі дипломатиялық қадам ретінде бағалады.
Еске сала кетейік, бір жыл бұрын Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара маңы ынтымақтастығының XIX өңіраралық форумы аясында Қостанайда өткен іс-шараға қатысқан болатын. Өз сөзінде ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілін қолдау жөніндегі халықаралық ұйым құру бастамасы үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық жоспарын да жариялады. Атап айтқанда, ол Қазақстанның оңтүстігінде үш орыс мектебін салу жоспарын мәлімдеді.
Бүгін Астанада Путиннің арнайы сапарына қызу дайындық жүріп жатыр.
Еске сала кетсек, Orda.kz Путиннің екінші дүниежүзілік соғыстың 80 жылдығына Тоқаев пен Қазақстандықтарды шақырғаны жайлы жазған болатын.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Astana Think Tank форумының қорытынды отырысында «Ресейдің Украинамен соғыста жеңілмейтінін» айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Челси Астанаға қарсы жас ойыншыларды ойнатады
- Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионы атанды
- Қаржаубай Нұрымовтың күйеу баласын соттады
- Нұра-Теміртау автожолында Audi көлігіне тиелген жылқы анықталды
- Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің төрағасы пара алған
- Соғысқа қарсы шыққан Ресейлік әнші Нобель сыйлығына ұсынылды
- Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды
- Ақтөбеде ерлі-зайыптының өліміне себепкер болған полицей сотталды
- «Тергеу аяқталу сатысында»: Шерзат ісіне қатысы бар адамдар жақын арада жауапқа тартылады
- Назарбаев университеті 73 млрд теңгені ауаға ұшырды
- Ер адамның жүрегінен метал сынығы табылды
- Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауда заңсыздықтар анықталды
- Жасанды девальвация: Ұлттық банктің экс-басшысы Қазақстан экономикасының құпиясын ашты
- Он миллион адам қарсы болған уақыт белдеуін зерттеуге үкімет үш жыл жұмсамайды
- Салмағы 7 тонналық Үндістаннан келген контрабанда әуежайда алты жыл бойы қараусыз жатты
- Ольга Рыпакова жеңіл атлетика федерациясының президенті атанды
- Басшысыз қалған Сирияны кім басқарады?
- Сынға қалған Саран қаласына жаңа әкім тағайындалды
- Ұятты жерлеріме қол жүгіртті: оншақты қыз азғын Indrive такси жүргізушісіне шағымданды
- «Тұрғындар газсыз қалды»: Түркістан облысында көлік газ құбырына соғылды