Қазақстан мен Өзбекстан Сырдарияның экологиялық тепе-теңдігін сақтауда ынтымақтасады
Астанада гибридті форматта Сырдария өзені бассейніндегі қоршаған ортаны қорғау және судың сапасы жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан бірлескен жұмыс тобының 6-шы отырысы өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат департаменті директоры міндетін атқарушы Н.И.Дәулетиярова, Өзбекстан жақтан Өзбекстан Республикасының экология министрлігі Қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі департаментінің басшысы Ф.Қ.Саттаров қатысты.
Іс-шараға бақылаушы ретінде Тәжікстан мен Қырғыз өкілдері де қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар Сырдария өзеніндегі су сапасына келісілген мониторинг жүргізу, деректермен алмасу, Келес және Шыршық өзендерінің ластануының ықтимал көздерін түгендеу бойынша жұмыс тобының жұмыс жоспарын іске асыру мәселелерін талқылады.
Сырдария өзені бассейніндегі анықталған ластану көздері бойынша қабылданған шаралар нәтижелері, келісілген көрсеткіштер саны бойынша түп шөгінділеріне біржолғы талдау жүргізу мәселелерін зерделеу, коллекторлық-дренаждық су ағындарының су нысандары жағдайына әсерін зерттеу және олардың әсерін азайту шаралары және т.б. сұрақтар қарастырылды.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 13 желтоқсанда өткен судың сапасы бойынша облыстық жұмыс тобы отырысының қорытындысы туралы мәселе нақтыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша жұмыс тобының алдағы жылға арналған жұмыс жоспары қабылданды.
Жаңалықтар
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі