Қазақстан мен Франция заңсыз мигранттарды алмастырады
Фото: ortcom.kz
Қазақстан мен Франция заңсыз мигранттарды өзара қабылдап, қайтару туралы келісімге келді. Қазақстан Республикасының Сенаты Франциямен заңсыз мигранттарды өзара қабылдап, қайтару (реадмиссия) жөніндегі келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Аталған құжатқа 2024 жылғы 5 қарашада Париж қаласында қол қойылған болатын. Парламенттегі барлық рәсімдерден өткеннен кейін келісім заңды күшіне енді.
Құжаттың күшіне енуіне қатысты қандай өзгерістер болады:
- екі ел өз аумақтарына заңсыз кірген, болған немесе тұрып жатқан азаматтарды реттелген тәртіппен қайтару мүмкіндігіне ие болады;
- реадмиссия, транзит және құжаттармен алмасу рәсімдері нақты айқындалды;
- мұндай адамдарды қабылдау, беру және алып жүру тәртібіне қатысты нақты ережелер бекітілді;
екі елдің құзырлы органдары отанына қайтару үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуге өзара көмек көрсетеді.
Келісімде сондай-ақ оны іске асырудың құқықтық, әкімшілік және рәсімдік тетіктері, соның ішінде жол жүру құжаттарын беру тәртібі мен реадмиссия процесі кезінде жеке деректерді қорғау мәселелері қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, бұл келісім алдағы уақытта Еуропалық одақпен визалық режимді жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Жақында біз Трамптың кесірінен Франция НАТО-дан шығу мәселесін қарастырып жатқанын жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз:
- Франция президенті Макрон Тоқаевты қазақша сөйлеп қарсы алды
- Шегіне жеткен шиеленіс: ЕО Гренландияны сатуға қарсыларға Трамптың баж салығын енгізуіне бірлесіп жауап береді
- Франция Балқаш көлін сақтауға 1,35 млн еуро бөледі
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады