Қазақстан Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайына іздеу жариялады

cover Фото: Instagram/ @Bivol_kate

Қазақстан ішкі істер министрлігі ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволүа іздеу жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.

Тергеу дерегінше, Екатерина Бивол әлеуметтік желіде қазақ және қырғыз халқын қорлап, балағат сөздер айтқан. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Екатерина Биволға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкциясымен іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр»,  деп хабарлады ІІМ.

Ведомство өкілдері тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат таратылмайтынын хабарлады.

Ажырасқаннан кейін Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде белсенді бола бастаған. Ол бұрынғы күйеуі туралы жиі жазбалар жариялап, спортшыны табысын жасырып, алимент мөлшерін азайтуға тырысты деп айыптаған. Сондай-ақ Биволдың жанкүйерлерін сынға алған жазбалар да жариялаған.

34 жастағы Дмитрий Бивол — ресейлік және қырғызстандық кәсіпқой боксшы. Ол жартылай ауыр салмақта WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Бивол мансабында 24 жекпе-жек өткізген, оның 12-сін нокаутпен жеңіспен аяқтаған. Артур Бетербиевтен өзге қарсыласына жеңілмеген.

Еске салайық, бұған дейін «Қазақтың Робин Гуды» атанған блогер Ілияс Сәриевке қатысты сот процесі аяқталуға таяған. Жарыссөз кезеңіне жақын уақытта Сәриевтен жапа шеккен тағы бір азаматшаның арызы тіркелді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар