Қатарында басшылар да бар: Ұлытауда бәс тіккен 30-дан аса мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды

cover Фото: Orda.kz

Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойынын ойнағанын анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.

Прокуратура мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады.

Прокуратура мәліметінше, 36 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 10 басшы, «Olimpbet» және «1XBET» букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды. Олар қызметінен босатылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында тұрады», деп хабарлады Ұлытау облысының прокуратурасы.

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап құмар ойындар мен лотереялық қызмет мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген заң күшіне енді. Оған сәйкес, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, арнайы және құқық қорғау органдары қызметкерлері мен бюджеттік ұйымдардың басшыларына құмар ойындар мен бәс тігулерге қатысуға тыйым салынды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар