Қаскелеңде алты баласымен өзін өртемек болған ананың үй дауы шешілді ме?
Коллаж Orda.kz
Қаскелеңде Қарасай аудандық әкімдігінің алдында өз-өзін алты баласымен қоса өртеп жібермек болған келіншектің ісіне нүкте қойылды. Бес жыл бойы шешілмеген үй мәселесі бір жақты болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желісіндегі парақшада жазды. Әйелдің жаңадан сатып алған үйін бұрынғы иесі заңсыз деп танып, сотқа берген. Алғашқы сотта ол жеңіп шыққанымен, апелляциялық сот кереғар шешім қабылдап, жеңіліп қалған еді.
Яғни, алты баламен далада қалу қаупі төнген ана, енді өз үйінде тыныш ұйықтайтын болды.
«Ешкім енді оны балаларымен үйден қуып шыға алмайды. Ал судьяға ерекше алғысымызды білдіреміз. Барлық уәждерді мұқият тыңдап, дәлелдемелерді толық зерделеп, обьективті бағасын берді», – деді Шекеев.
Еске сала кетейік, көпбалалы ана Гүлнәр Молдабекова Қаскелеңде Қарасай аудандық әкімдігінің алдына 20 тамыз күні үйден шығарылатынын айтып, наразылық белгісі ретінде әкімдік алдын алты баласымен бензин алып келіп өз-өзін өртемек болды. Оның айтуынша, Алтын ауыл ықшам ауданынан бөліп төлеу арқылы сатып алған үйінен алты баласымен бірге қуып шығу қаупі болған. Әйел қарызынан толық құтылғанын, қолында барлық құжаты барын айтады. Алайда, үйдің бұрынғы иесі қитұрқы әрекетке барып, пәтерді банк кепілінен әдейі шығармай отырғанын айтып наразылық білдірген еді.
Жаңалықтар
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі