«Қараудың өзі жиіркенішті»: Мектепте хиджаб киген оқушы қыздардың бейнежазбасы тарады

cover Фото нейрожелі арқылы жасалды

Желіде Қазақстандағы мектептердің бірінде түсірілген бейнежазба тарады. Онда мұғалім хиджаб киіп келген оқушы қыздарды тақтаға шығарып, мектеп талаптарын бұзғаны үшін сөгіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

2017 жылдан бері Қазақстанда мектеп формасында діни белгілер мен атрибуттарға тыйым салынған. 2023 жылы президент бұл шектеуді ресми деңгейде мақұлдап, бірыңғай мектеп формасын кию міндеттелді. 

Бейнежазбада мұғалімнің оқушыларды сөгіп жатқаны естіледі:

«Міне, 9-сыныптың сұлу қыздары. Ақыр соңында осылай шешті. Маған да, ата-аналарына да түкіргендері бар. Сабақ кезінде мектеп формасын  керек дегенге де. Міне, қараңдар. Қараудың өзі жиіркенішті, ренжімеңіздер, әрине... Сендер қалай қарасаңдар мен де сүйтемін», — деді мұғалім.  

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі әртүрлі. Кейбірі мектеп зайырлы болуы тиіс деп санаса, басқалары мұны дін бостандығын бұзу деп есептейді.

Айта кету керек, Қазақстанда тіркелген 18 діни конфессия бар. Олардың әрқайсысының өзінше ұстанымдары бар. 

Ал ҚР «Білім туралы» Заңында ата-ана мен оқушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екені айтылған (5-бап, 47-бап, 49-бап).

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар