«Қарамағындағыларды ұрған»: Өскеменнің бас прокуроры қызметінен уақытша шеттетілді
Фото: gov.kz
Өскеменнің бас прокурорына қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Тексеріс кезінде қаланың бас прокуроры Тимур Шақпантаев атқарып отырған қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде Шақпантаев қол астындағы қызметкерлерді ұрды деген ақпарат тарады. Полиция әзірге түсініктеме берген жоқ. Дегенмен облыстық прокуратура қылмыстық істің барын растады.
Бас прокурор өз кеңсесінде прокурорлар Р.Ирков пен С.Меренбаевты шақырып, оларға қол көтерген. Таңертең зардап шеккендер полицияға арыз жазған. Бейресми ақпарат бойынша, Қаланың бас прокурорына полиция ҚР ҚК-нің 109-бабы «ұрып-соғу» бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірақ бұл ақпарат расталмады.
«Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Өскемен қаласының прокурорына қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес ол жауапкершілігі туралы шешім қабылданғанға дейін қызметінен уақытша шеттетілді», деп хабарлады ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Айта кету керек, Өскемен қаласының бас прокурорынан бөлек, прокуратураның басқа да қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Өскемен қаласы прокуратурасының басқа қызметкерлеріне қатысты мәліметтерге келетін болсақ, бұған дейін осы мән-жайлар бойынша қызметтік тергеулер жүргізілген болатын. Фактілер ішінара расталды және аталған қызметкерлер қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Абай облысы полиция департаментінің басшысы болып Эльдар Данияров тағайындалды.
Жаңалықтар
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі