Каналдардың бірінен 6 жасар баланың мәйіті табылды

cover

Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылында каналдан 6 жасар баланың денесі табылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бала 13 маусым кешке қарай жоғалып кеткен. Куәгерлер соңғы рет баланы канал маңында ойнап жүргенін көрген.

– Аудандық төтенше жағдай бөліміне хабарласып, арнайы судан құтқару жасағы шақыртылған. 15 маусым күні таңғы сағат 9:45-те баланың денесі табылып, судан шығарылған. Бүгінгі таңда орын алып жатқан жағдайлардың негізгі себептері рұқсат етілмеген жерлерде шомылу және балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуы, - деді Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев.

Баланы іздеу шаралары 3 күнге созылған. Ол Ошақты каналынан табылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар