Қайрат Боранбаевтың серіктесіне іздеу жарияланды
Фото: Бейнеден кадр
NEF Qazaqstan компаниясының құрылтайшысы және басшысы Тарык Волканға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ақпарат Құқықтық статистика органдары порталында пайда болды. Кәсіпкердің ісі 18 сәуір күні тіркелді.
Түркия азаматы Тарык Волкан Оскай Қайрат Боранбаевпен бірге Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін бақылайтын «Роял Комфорт Астана» компаниясына иелік еткен болатын.
Ол сондай-ақ, Боранбаев құрылтайшысы болған Almaly Assets Management активтерді басқару компаниясында жұмыс істеді.
Бұған дейін бұл кәсіпкер 2023 жылы NEW Qazaqstan компаниясы бойынша болған даудан кейін танылған еді. Тарык Волканға қандай фактілерге сүйене отырып іздеу салынып жатқаны әзірге белгісіз. Біз ақпаратты растау мақсатында Алматы қаласының полиция департаментіне сауал жібердік.
Қайрат Боранбаев пен Тарык Волкан Оскай бірлесіп иеленген «Комфорт отель Астана» қонақ үй кешенінің иесі өткен жылы ауысты. Қонақ үй «Invesco PowerShares Capital Management» ЖШС-ның сенімгерлік басқаруына американдық Іnvesco РowerShares компаниясының қазақстандық өкілдігіне берілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін 21 сәуір күнгі Руслан Берденовке шабуыл жасалды. Orda.kz күдікті Ернар Жиенбай мен Руслан Берденов арасындағы жанжал жақында өткен жиыннан кейін ушыққаны туралы жазған болатын.
Жаңалықтар
- Иран қарулы күштері Таяу Шығыстағы АҚШ-тың 14 әскери базасына cоққы жасады
- Странджа кубогы: Қазақстан ерлер құрамасының екі боксшысы жартылай финалға өтті
- Иран «өзін қорғауға заңды құқығы» бар екенін мәлімдеді
- Ирандағы шабуыл салдарынан қаза тапқандар белгілі болды
- Қазақстан авиациялық әкімшілігі: Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіндегі ұшулар тоқтады
- Тоқаев Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шаралары бойынша тапсырма берді
- Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс нөмірлері
- Иран Бахрейн, БАӘ, Катар және Кувейттегі Израиль мен америкалық базаларға жауапты соққы жасады
- Бас прокуратура интернет-алаяқтардың шабуылы күшейгенін ескертті
- Қазақстанда Ирандағы соғысқа байланысты бірқатар әуе рейстері тоқтады
- 28 ақпан – Сирек аурулардың халықаралық күні: ДСМ былтыр 175,4 млрд теңге бөлді
- Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеме жасады
- Трамп: Иран зымырандарын жойып, елдің зымыран өндірісін толықтай талқандаймыз
- Иранға шабуыл: Қазір не белгілі
- Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына 4 млн теңгеден төленді
- Израиль Иранға қарсы соғыс бастады
- Израильдің бүкіл аумағында дабыл қосылды
- Иран барлық байытылған уран қорынан бас тартуға келісті
- Атырауда енесін пышақтап тастаған әйел сотталмады
- Ақмола облысында балық қырылды, спирт зауытына айыппұл салынды