«Қайнаған сумен қолын күйдірді»: 10 жетімді азаптаған өгей анаға сот үкімі шықты
Коллаж: Orda.kz
Алматы облысы Ұзынағаш ауылында 10 баланы асырап, оларды азаптады деп айыпталған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салар болсақ, ол патронаттық ана ретінде он баланы тәрбиесіне алған еді.
Әйел Orda.kz редакциясына келіп шағымданған соң осы дау басталды. Бізге әйел «заңсыз түрде балаларынан айырғанын, ал Қазақстандағы қамқорлық жүйесі асырап алушы ата-аналарға әділетсіз қарайтынын» мәлімдеген болатын. Алайда журналистік зерттеу мен тергеу бұл оқиғаның басқа қырын ашты.
2024 жылдың мамыр айының ортасында Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты С.-ны ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігі 1 және 2-тармақтары бойынша – кәмелетке толмаған екі және одан да көп баланы азаптады деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, сот С.-ны ҚР ҚК 140-бабы – бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді қатыгездікпен орындамау бойынша да кінәлі деп таныды. Бірақ бұл бап бойынша ол қылмыстық жауапкершіліктен мерзімінің өтуіне байланысты босатылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бұрынғы бір балалар үйінің иесі Orda.kz-ке берген сұхбатында мемлекеттен тек 35 АЕК жалақы алатынын, әр балаға 10 АЕК көлемінде жәрдемақы берілетінін айтып, бұл қаражаттың тіпті тамақтануға да жетпейтінін мәлімдеген. Сондай-ақ жүйелі қолдаудың жоқтығына, қамқорлық органдары тарапынан әділетсіздікке ұшырағанын және өзінің өзге «ұстанымы» үшін қудалауға түсіп жүргенін айтқан.
Алайда, біздің журналистер анықтаған ақпаратқа қарасақ, оның отбасынан қамқорлық органдары Әнел есімді қыз бен оның сіңлісін алып кеткен.
Әнел өзінің патронаттық анасы ыдысты дұрыс жумағаны үшін қайнап тұрған сумен қолын күйдіргенін айтқан.
Бұл алғашқы дабыл болғанымен, ол кезде резонанс туа қоймады.
Елдің назарын аудартқан оқиға – оның қолындағы София деген қыздың үйден қашқаны болды. Қыстың қақ ортасында ол жалаңаяқ далаға жүгіріп шыққан, бұл көріністі көршілер бейнежазбаға түсіріп алған.
Дәл осы бейнежазба қоғамда үлкен резонанс туғызып, кейінірек қылмыстық істің басталуына себеп болды.
Бұл асырап алған, сырттай қарағанда жетімді жылатпайтын, жүрегінің түгі бар адам сияқты көрінген өгей ананың оқиғасы қоғамдағы әділетсіздіктердің бір парасы ғана. Дәл осы оқиға бір отбасының емес, тұтас жетім балаларды орналастыру жүйесі мәселелерін ашып көрсетті. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес, бала орналастырудың бірнеше түрі бар: асырап алу, қамқорлық (қорған болу), патронат және қабылдаушы отбасы.
- Асырап алу – баланы сот шешімі арқылы отбасына беріп, ол баланың туған баласындай барлық құқықтары мен міндеттері заңды түрде бекітілетін құқықтық формасы.
Асырап алғанда әр балаға бір реттік жәрдемақы (75 АЕК), 0-ден 1 жасқа дейінгі бала үшін туу және күтім жәрдемақысы беріледі. Егер бала мүгедек болса – мүгедектік пен күтімге жәрдемақы тағайындалады. - Патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды арнайы келісімшарт негізінде отбасыларға уақытша тәрбиелеуге беру формасы. Бұл келісім қамқорлық органы арқылы жасалады.
Патронаттық тәрбиешілерге әр балаға жәрдемақы және еңбекақы (35 АЕК көлемінде) төленеді. Бұл – кәсіби талаптары бар, есеп пен бақылау арқылы жүргізілетін жүйе. - Қамқорлық – 14 жасқа толмаған балалардың немесе сот арқылы әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың құқықтарын қорғау түрі.
- Қорған болу – 14 пен 18 жас аралығындағы балалар мен әрекет қабілеттілігі шектелген (мысалы, ішімдік немесе есірткі қолдануына байланысты) кәмелетке толған балалардың құқықтарын қорғау.
Қамқорлыққа алып және балаға қорған болғанда мемлекет балаларды азаматтардың қорғауына береді. Бірақ толық отбасылық қатынас орнамайды. Бұл жағдайда балаға 10 АЕК көлемінде жәрдемақы (2025 жылы шамамен 38 000 теңге) төленеді және «Всеобуч» қоры аясында көмек көрсетіледі (тамақ, киім, т.б.).
Қабылдаған отбасы – кемінде төрт және ең көбі он жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге алған отбасына арналған форма. Мұндай отбасында ата-аналардың әрқайсысы 35 АЕК еңбекақы алады, әрі әр балаға ай сайын 10 АЕК көлемінде жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар «Всеобуч» қоры есебінен әлеуметтік көмек (ыстық тамақ, киім, т.б.) көрсетіледі.
Еске салар болсақ, дәл бұл модель арқылы балалардың қажеттіліктері қамтамасыз етіліп, ата-аналар тек балалардың тәрбиесімен айналысуға мүмкіндік алады. Мәселен, материалдың екінші кейіпкері Динара – алты бала үшін жәрдемақы мен жалақыны қоса есептегенде ай сайын 900 000 теңгеден астам қаражат алған. Бұл сандар журналистің ойдан шығарғаны емес, Динараның өзі берген ақпарат және ол оны түбіртектерді көрсетіп, растаған.
Патронаттық аналардың оқиғасы қоғамда қызу талқыланды. Бірақ бір нәрсені нақты айту керек, Orda.kz редакциясы Сапарға басқа ананың табысын теліп отырған жоқ. Қоғам пікірі екіге бөлінді. Кейбірі бала тәрбиелеп отырған аналарға тисе бермеу керек десе, басқалары – бақылауды күшейтуді, кей отбасыларда зорлық-зомбылықтың болуы мүмкін екенін ескеруді талап етті.
Бұл материал сенсация үшін жазылмады. Біз шындықтың бірнеше қыры бар екенін айтқымыз келеді. Таразының бір басында – шынымен де жүйеден қолдау таппай жүрген балаларды бауырына басқысы келетін отбасылар. Екінші басында – көзден тасада тағдыр онсыз да аямаған балаларға жасалған қылмыс. Алматы облысындағы бұл әйелдің оқиғасын қаралау немесе ақтау үшін баяндап отырған жоқпыз. Бұл жағдай – реформа жасауға, бақылауды күшейтуге, төлемдерді ашық етуге және ең бастысы балалардың мүддесін қорғауға итермелеуі тиіс.
Жаңалықтар
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы