Кәсіпкер бокстан әлем чемпионатынан жүлдемен оралғандарға сыйақы бермек

cover Фото: Instagram/boxingkazakhstan

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев өз атынан әлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлерін қосымша көтермелемек. Жеңіске жеткен орындарға байланысты спортшылар 70, 50 және 30 мың доллар алады, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

«Отанға келген соң біздің боксшыларға: бірінші орынға – 70 мың, екіншіге – 50 мың және үшінші орынға – 30 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сертификаттар беріледі. Отандық боксшыларды қолдаймыз! Қазақстан әлемдегі ең күшті елдердің қатарында болған, бар және болады!» деп атап өтті Қазақстан бокс федерациясы.

Сонымен қатар, спортшылар AIBA-дан кепілдендірілген ақшалай сыйлық алады – 100, 50 және 25 мың АҚШ доллары.

Айта кетсек, Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар бес медаль жеңіп алды. Финалдың бірінші күні біздің спортшыларда алтын, күміс және қола медальдардың толық жиынтығы болды.

Бұған дейін криминалды авторитет Арман Жұмагелдиев («Дикий Арман» лақап аты) чемпионатқа қатысқан қазақстандық боксшыларға екі мың доллардан таратып берген.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бұл видеоға түсініктеме берген. Олар Арман Жұмагелдиев өз еркімен сыйақы бергенін, оған министрліктің еш қатысы жоқ екенін айтқан.

Еске саласақ, қазақстандық боксшылар 2021 жылғы әлем чемпионатында екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған болатын. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша бас бапкер Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен құрама жалпы медальдар кестесінде екінші орынды иеленді.

Елге алтынды Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі), күмісті – Махмұд Сабырхан (54 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі), қоланы – Абылайхан Жүсіпов (67 келі) әкелді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар