Көше атауын өзгертудің жемқорлыққа қатысы қанша?
Бүгінгі таңда 80 мыңға жуық көше мен 90 мыңға жуық елді-мекен атауы өзгертілген. Пандемия кезінде көше атауын өзгерту үрдісі жалғасын тапты ма? Коронакризис кезінде мұнымен айналысқан қаншалықты дұрыс?
Orda.kz редакциясы өзінің зерттеуінде көше атауына қатысты барлық мәліметтерді жинап, неліктен халық қазақылануға қарсы екенін анықтады.
Көше атауын өзгерту үрдісі Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жаппай көрініс ала бастады. Онымен ономастика бөлімі айналысады. Негізгі мақсаты – өңірлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерге, ғимараттарға, елді-мекендерге қазақы атау беру. Көше атаулары «Тіл туралы» заң мен «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» заңға сәйкес өзгертіледі.
Жыл басынан бері республика бойынша 867 көше, 53 нысан, 1 аудан атауы өзгертілген.
Ұлылар есімімен қанша көше аталды?
Осы жылы Мұқағали Мақатаев, Жамбыл Жабаев, Қажымұқан Мұңайтпасұлы мен Жақсылық Үшкемпіровтың мерейтойы болғандықтан, Orda.kz редакциясы республика аумағында олардың атына көше берілген бе, жоқ па анықтады.
- Мұқағали Мақатаев атында – Ақмола облысында 8 көше, Шығыс Қазақстанда 3 көше, Павлодарда 1 көше, Алматыда 2 көше бар (14 көше).
- Жамбыл Жабаев атында – Ақмолада 48 көше, Батыс Қазақстанда 87 көше, Солтүстік Қазақстанда 1 аудан, 200-ге жуық көше, Шығыс Қазақстанда 98 көше, Павлодарда 93 көше, Алматыда 2 көше бар (529 көше).
- Қажымұқан Мұңайтпасұлы атында – Ақмолада 33 көше, Жамбылда 5 көше, Павлодарда 5 көше, Алматыда 1 көше бар (44 көше).
- Жақсылық Үшкемпіров атында – 2020 жылы Нұр-Сұлтандағы Жекпе-жек сарайы және Таразда Тараз-Арена тіркелді (2 ғимарат). 1997 жылғы «Тіл туралы» заңға сәйкес қайраткердің қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң оған көше атауы беріледі. Сондықтан қазір оның атында көше жоқ.
Ең қызығы, Алматы қаласында бұрынғы Фурманов көшесі көзі тірі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев есімін иелеген.
92 пайыз көше атауы ескірген
Сәуірде журналист Арман Қани Павлодарда 335 көшенің тек 62-сі қазақы атауға ие екенін мәлімдеген. Бұл дегеніміз 92 пайыз көше атауы идеологиялық тұрғыдан ескірген.
Жұртшылықтың өзі көше атауын өзгертуге қатысты үш топқа бөлінген: бірі қолдаса, екіншісі мұны артық шығын көреді, ал үшіншісі бұл үрдіс барынша ашық өтуі керек дейді.
Көше атауын өзгерту - қарқынды етек жайған ауру
Экономист Айдар Әлібаевтың айтуынша, жаппай көше атауын өзгерту – ол қарқынды етек жайған ауру.
– Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін оның құрамында болған елдерде жаппай осы үрдіс кеңінен етек жая бастады. Ол – көше атауларын өзгерту деп аталады. Басында бәрі түсінікті болатын. Бірақ, міне 30 жыл өтті. Біз әлі осы іспен айналысып келеміз.
Біріншіден, бұл біздің халыққа, қазақтарға тән қасиет. Әркім өз атасын, әкесін немесе тағы біреудің атын асқақтатқысы келеді. Әркім өзінің туысының атына көше, ғимарат бергісі келеді. Бұл өте жаман және ұятты көрініс.
Екінші жағынан, көптеген адамдардың атына көше атауын берген немесе беруді жоспарлап отыр. Түсініксіз. Көше атауын беруге олар лайық па, ол жағы белгісіз. Адамдар туыстарына көше атауын бергісі кеп, барлығының аузын майлайды. Артынан ол адам көше атауын иеленуге лайық емес екені белгілі болып жатады.
Үшіншіден, бұл бюджетке теріс әсер етеді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға қиындықтар тауып береді: адамдар ХҚО-да қайта тіркелу керек. Бір сөзбен айтқанда әңгімесі көп тірлік.
Көше атауын өзгертіп, артынша шешімді қайтып алады. Сосын соған басқа үшінші адамның атын беріп, көше атауын өзгертіп жататын да жағдайлар бар. Мұның барлығы, өкінішке қарай, Қазақстанда жиі кездеседі.
Мен мұны құптамаймын. Көше атауын өзгертпей тұрып, бәрін таразыға салып, ойланып, халықпен кеңесіп шешім қабылдау керек. Халық ісі мен ерлігі, қасиеті үшін лайықты деп таныған адамдарға ғана көше атауын беру керек.
– Сондай-ақ, пандемия кезінде көше атауын өзгерту дұрыс еместігін атап өткім келеді. Мемлекет қазір білім мен медицинаға барлық күш-жүгерін салып, ойсыз заттармен айналыспағаны дұрыс. Менің ойымша, бұл жауапсыздық.
Orda.kz редакциясы көше атауының өзгеруін кім қаржыландыратыны туралы және оған жыл сайын қанша сома бөлінетіні туралы анықтап білмекші болды. Жергілікті ономастика бөлімі «оған жергілікті бюджеттен қаражат жұмсалмайды» деп жауап берсе, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «қаражат мәселесі – жергілікті атқарушы органдардың құзырындағы мәселе» деді. Осылайша, көшенің өзгеруін кім қаржыландыратыны белгісіз болып қалды. Бірақ Мәдениет және спорт министрлігі жергілікті тұрғындар тарапынан ешқандай қаражат тартылмайтынын алға тартты.
Жаңалықтар
- V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ресей казағы рекорд орнатты
- Ердоған Қырымды Украинаға қайтаруды халықаралық құқықтың талабы деп атады
- «12 жаста қылмыскер деп тану»: Мәжіліс депутаты даулы ұсыныс жасады
- Тоқаев Сыроежкинге рақымшылық жасады
- Иманғали Тасмағанбетовтың күйеу баласы мұнай компаниясының 40 пайызына ие болды
- Ресейге нан табуға барып қан майданда жүрген қазақ жігіті
- «Мүфтиге жарымадық»: Нұр-Мүбарак университетінің проректоры неге ауысты?
- Үкімет бюджеттегі триллион теңге тапшылығын қалай өтемек?
- «Жүкті болды»: Ақтөбеде 7-сынып оқушысының тағдыры талқыға түсті
- Маңғыстау мектебіндегі жаппай улануға қатысты тексеріс не себепті жүрмейді
- Түркістан облысының тұрғыны арыстан асырап істі болды
- Тоғызқұмалақ - тұңғыш ғарышқа ұшқан ұлттық ойын
- Қазақстанда ең жоғарғы жалақыны кім алады?
- Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қызметінен босатылды
- 43 миллион теңге шығын келтірген қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыға үкім шықты
- Жетісу облысында жатақхана өртеніп кетті
- Алматы «қала күніне» 150-ден астам іс-шара өткізгелі жатыр
- Тамара Дүйсенова Ербаян Мұхтардың еміне неге ақша халықтан жиналғанын түсіндірді
- «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары»: Қазақстан садақшылары жүлделі болды
- АЭС-ке қарсы азаматтар қор құрғанын мәлімдеді