Күн ыстықта медициналық маска тағу зиян емес пе?

cover

Ыстықта қорғаныс маскасын кию жылу алмасуды айтарлықтай бұза алмайды және дене қызуының көтерілуін тудырмайды, деп хабарлады Orda.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

– Жеке қорғаныс құралдарын пайдалану салдарынан ыстық ұрады деп қорқудың қажеті жоқ. Маска жылу алмасуды айтарлықтай бұза алмайды, - деді Роспотребнадзордың баспасөз қызметі.

Жаз қарсаңында жеңіл матадан тігілген масканы қолданып, оны уақытында өзгертіп отыру керек.

Ыстық ауа-райында маска тез ылғалданып, тиімділігін жоғалтады. Сонымен қатар, жазда қара түсті маскалардан бас тартуға, дененің басқа бөліктерін ашық қалдыруға және қалыпты жылу беруді қамтамасыз ету үшін жеңіл қалпақтар киюге кеңес беріледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар