«Эмми» сыйлығының иегері, семейлік актриса Надира Ахонова жайлы не білеміз?

cover

Orda.kz редакциясы сәуірде Түркияда фильм түсірген Надира Ахоновамен байланысқа шығып, әңгіме-дүкен құрып қайтты. Шетелді бағындарған бойжеткен жайлы толығырақ сұхбаттан оқып, біліңіздер.

Жақында Семейлік актриса, әрі продюсер Надира Ахонова туралы ақпарат тарады. Бойжеткен Түркияда «Shame» («Ұят») деген атпен фильм шығарып, онда басты рөлде ойнаған.  

Бұған дейін Надира Ахонова «Генетикалық паспорт» деректі фильмі үшін «Эмми» сыйлығын алған.

Сонымен қатар, ол BKM Mutfak и Tworld.tv, Three Flames Pictures және Northern Banner, Black Lion Pictures сияқты кинокомпаниялармен жұмыс істеген.

Сізге қандай фильмдер ұнайды?

– Маған психологиялық триллерлер, мистика, әсіресе испан режиссері Ориол Паолоның фильмдері қатты ұнайды. Сондай-ақ, тарихи фильмдер, әскери және драмалық шығармаларға басымдық беремін. Мысалы, Марк Херманның «Мальчик в Пижаме», Жан Улкаяның «Айла: Дочь Войны», Ридли Скоттың «Гладиатор», Роман Поланскидің «Пианист», Франсуа Жирардың «Песня имен» және т.б.

Сіз режиссерлікті оқыған екенсіз, режиссер болғыңыз келмей ме? Әлде сізге продюсер болған ұнай ма?

– Маған продюсер болған ұнайды, фильм сәтті шыққанда халық тек режиссер мен актерларды біліп жатады. Ал продюсер көлеңкеде қалады. Бірақ продюсер ретінде маған фильмнің сәтті шығуы маңыздырақ.

Осыған дейін неше туынды түсіргенсіз?

– Мен деректі фильмдер мен көркем фильмдер түсіргенмін, сонымен қатар, екі жерде актриса ретінде танылғанмын.

Деректі фильмдер: «After the Apocalypse», НВО-мен бірге «Genetic Passport» және Bloomberg Media-мен бірге «My Kazakhstan», Vice Media-мен «Russian Road Trip», африкандық SABC арнасымен Issues of Faith - The Spiritual Ambassador, HBO-мен «Чемпионат мира по боксу GGG», PPTV-мен «Вокруг света с Каруной Буакамсри».

Көркем фильмдер: «3riple B», «Reparation», «The Steed», «Shame».

Актриса ретінде: «Discommunication», «Shame».

Немен мақтана аласыз?

– Мен тәуелсіз Қазақстанда туылғаныма мақтанамын.

Мен рухани-мәдени орталықта - Семейде, Ұлы Абайдың, Мұхтар Әуезовтің, Шәкәрім Құдайбердіұлының және Каюм Мұхамедхановтың туған жерінде өстім.

Мен өзімнің танымал жерлестеріммен мақтанамын - Роза Рымбаева, Бибігүл Төлегенова, Владимир Кличко және т.б.

Сіз үшін «атақ» деген не?

Атақ - бұл еңбек пен таланттың жалпыға бірдей танылуының дәлелі ретіндегі құрметті даңқ. Бірақ екінші жағы да бар. Бүкіл өмірің ортақ талқыға салынғанда, сен жағымды я жағымсыз кейіпкерге айналасың. Қанша адам болса, сонша пікір бар. Бірақ онда тұрған ештеңе жоқ. Бұл біздің адами болмысымыз. Бір ұлы адам «әр адам өзінің тәрбиесіне қарай бағалайды» деп айтқан екен. Сондықтан, оған алаңдамай, тек алға жүру керек.

«Ит үреді, керуен көшеді» деген мақал бекер айтылмады деп ойлаймын. Я болмаса, араб мақал-мәтелінде айтылғандай «Саусақ аспанға көтерілгенде — ақымақ сол саусаққа қарайды».

Жақында сіз Түркияда фильм түсірдіңіз. Түсіру барысы қалай өтті?

– Бұл («Shame» фильмі ескерту Orda.kz) психологиялық триллер мен драма жанрындағы толықметражды фильм. Мен онда басты рөлдердің бірінде қазақстандық әйел Мадинаны сомдадым. Фильмде менің күйеуім болып, басты рөлде әйгілі актер Джейхун Менгироглу ойнады. Ол бұған дейін «Права на трон: Абдулхамид» және «Сон» телехикаяларында ойнаған. Фильмге дайындық бір айға созылды. Онда фортепианоға арнайы музыка жазылды, мен оны сонда ойнадым. Фильм түрік және ағылшын тілдерінде болады.

Біз бұл фильмді көптеген кинофестивальдерге жіберуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, фильм шамамен 6-8 айдан кейін Түркиядағы және басқа елдердегі кинотеатрларда көрсетіледі.

Пандемияның сіздің өміріңізге әсері қандай?

– Пандемияға дейін көптеген жоспарлар болған. Болливудпен бірігіп Қазақстанда фильм түсіру жоспарланған. Былтыр дайындық жұмыстары жүргізіліп, биыл түсірілім жұмыстары басталу керек болған. Сондай-ақ, Англиямен, Финляндиямен бірнеше жобалар тоқтап қалды.

Алдағы 5 жыл өміріңізді қалай елестетесіз?

Егер сіз Құдайды күлдіргіңіз келсе, оған жоспарларыңыз туралы айтып беріңіз.

Вуди Аллен

– Бірақ, шындығында, қазақтар туралы мықты тарихи фильм түсіріп, оны халықаралық нарыққа шығарғым келеді. Болашақта актриса ретінде Голливуд актерлерімен бірге блокбастер түсірсем деймін.

Алға қойған мақсаттарыңызға жетуіңізге тілектеспіз! Сұхбатыңызға рақмет!

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар