Экология министрі болып Серікқали Брекешев тағайындалды

cover

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Серікқали Брекешевті жаңа экология, геология және табиғи ресурстар министрі етіп тағайындады.

Бұл туралы Orda.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін Брекешев экология вице-министрі қызметін атқарған.

Жаңа министр:

  • 2015 жылы  - Техникалық саясат департаментінің директоры, «ҚазТрансГаз» АҚ ГТС басқаруы бойынша басқарушы директор;
  • 2015-2016 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ Техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор;
  • 2016-2018 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ өндірістік -техникалық департаментінің директоры;
  • 2018-2020 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының техникалық саясат жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен.

Бұрынғы экология министрі Мағзұм Мырзағалиев 9 қыркүйекте ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар