Израильдің Катарға соққысы: Бұл елдерде қанша қазақстандық бар?

cover Фото: Envanto

Израиль мен Катардағы қазақстандықтардың саны туралы және олармен хабарласып отырғандары жайлы ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

9 қыркүйекте Израиль билігі Катар астанасы Дохада әскери операция жүргізді. Израиль ХАМАС ұйымының басшылығына авиациялық соққы жасалғанын хабарлады. Бақаевтың мәліметінше, қазақстандықтар зардап шеккен жоқ.

«Әрине, Катарда біздің азаматтарымыз бар… Құдайға шүкір, қазақстандықтар арасында құрбан болғандар жоқ. Ешкім хабарласқан жоқ. Бірақ біздің елшілігіміз азаматтармен белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр», — деді вице-министр мәжіліс дәлізінде.

Катарда шамамен 1500 қазақстандық бар, олардың 517-сі консулдық есепте тұр.

«Бәрімен хабарласып отырмыз. Консулдық есепте тұрғандардың жайынан хабардармыз. Есепте тұрмағандармен де жұмыс істейміз», — деді Бақаев.

Израильде оның айтуынша, шамамен 500 адам бар. Соның ішінде:

▪️дипломатиялық қызметкерлер;
▪️олардың отбасы мүшелері;
▪️оқушылар мен студенттер;
▪️біліктілігін арттыруға кеткен медициналық мамандар бар. 

Еске сала кетсек, Израиль тарапы радикал ХАМАС қозғалысымен атысты тоқтату туралы келіссөздер тығырыққа тірелгенін мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар