Израиль Иранға қарсы соғыс бастады

cover Фото: Иран БАҚ-тары

Иранға соққы жасалғаны туралы хабар тарап жатыр. Израильде ескерту дабылдары берілді. Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац бүкіл ел аумағында төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Израиль Иран аумағындағы 30 нысанаға соққы жасады, олардың қатарында ел президентінің резиденциясы мен Ислам революциясы сақшылар корпусы барлау қызметінің басшысы тұратын орын да бар деп израильдік БАҚ хабарлады.

«Қауіпсіздік саласындағы жағдайға байланысты өзіңізге ең жақын орналасқан ең қорғалған баспананың қай жерде екенін анықтап алыңыз және аса қажет болмаса, жолға шықпаңыз. Тыл қолбасшылығының нұсқауларын орындауды жалғастырыңыз» деп жазылған ЦАХАЛ хабарында. 

Ираннның оншақты нысаны қирағаны туралы ақпарат тарады.

Бірнеше зымыран Иран астанасы — Тегеран қаласындағы Университет көшесі мен Жомхури ауданына түскенін Fars News Agency хабарлады.

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Тегеран орталығындағы Пастер көшесі маңында қою түтін көтерілді, деп хабарлады жергілікті басылым.

Израиль Иранға АҚШ-пен бірлесіп шабуыл жасады, деп қауіпсіздік саласындағы дереккөз 12 канал арнасына мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар