Италия премьер-министрі Тоқаев туралы не ойлайтынын бүкпесіз айтты
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті мен Италия премьер-министрі Ақордада кездесу өткізіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Италия – Қазақстанның әлемдегі үшінші, ал Еуропадағы ең ірі сауда серіктесі. Қасым-Жомарт Тоқаев мұның кездейсоқтық емес екенін атап өтті
«Біз ынтымақтастығымыздың жоғары қарқынын сақтап, одан әрі дамытуымыз керек деп ойлаймын. Сіздің Қазақстанға сапарыңыз маңызды рөл атқарады»,– деді мемлекет басшысы.
Джорджа Мелони Қасым-Жомарт Тоқаевпен әңгімелесуді өзі үшін өте маңызды деп атап өтті. Ол Тоқаевты прагматик көшбасшы деп санайтынын айтты:
«Бізге ашық диалог қажет және сіз мұны өте жақсы түсінесіз. Біздің ынтымақтастығымыз әрдайым жемісті болды. Бірақ энергетикадан бастап мәдениетке дейін, университеттеріміз бен халықтарымыз арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік көп. Сізді мен кездестірген ең прагматик көшбасшылардың бірі деп санаймын. Қазіргі сын-қатерлерді терең түсінетін адаммен сөйлесу – үлкен мәртебе», – деді Джорджа Мелони.
Кездесу барысында сауда қатынастары туралы да сөз қозғалды. Екі ел арасындағы тауар айналымы 20 миллиард доллардан асты. Сонымен қатар, Қазақстанда ENI, SDF Group, PetroValves, Maire Tecnimont және Ballestra сияқты ірі инвесторларды қоса алғанда, 270-ке жуық итальяндық компания жұмыс істеп жатыр.
Мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдады. Ресми делегациялар мынадай құжаттармен алмасты:
- Үкіметтер арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісім;
- Сынама қазбалар мен шикізат саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдеме;
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен Maire Tecnimont арасындағы меморандум;
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен Ansaldo арасындағы келісім;
- Су ресурстарын басқару бойынша білім мен тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыруға арналған меморандум;
- Қазақстанның Даму Банкі, Cassa Depositi e Prestiti S.p.A. және SACE SpA арасындағы бірлескен декларация;
- «Самұрық-Энерго» АҚ мен SACE SpA арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Kazakh Invest пен Italian Trade Agency арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Жаңалықтар
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
- Алматы тауларына көшкін қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды
- Ақтаудағы Назарбаев ашқан шыныпластик құбыр шығаратын зауытта тапсырыс жоқ
- Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп, бір миллион долларын өндіріп алды
- Трамп әкімшілігі Гарвардты сотқа берді
- Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 15 ақпаннан бастап қабылданады
- ҰҚК Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады
- Қазақстан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының медальдық есебінде 15-орында
- Олимпиада-2026: Қазақстандықтардың 14 ақпандағы жарыс кестесі
- Бүгін «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді
- Тоқаев Михаил Шайдоровты «Барыс» орденімен марапаттады
- Олимпиадада Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан сенсациялық жеңіске жетті
- Тоқаев АҚШ елшісі Джули Стаффтпен кездесті
- Алматыда ер адамды «сөйлесуге» көшеге шақырып, сабап кеткен күдікті ұсталды
- Павлодарда зейнеткер «ҚМА қызметкерінің» құрығына түсе жаздады
- «1 млрд доллардан астам қаржы жымқырған»: СІМ АҚШ-та екі бірдей қазақстандықтың ұсталғанын растады
- Алматыда метроның жаңа бекетіне дейінгі тоннель қазу жұмыстары аяқталды
- Алматыда дін қызметкері Иаков Воронцов нашақорлар тобын құрып ұсталды
- Судья Светлана Жолманова тағы қылмыстық іс арқалады
- Тағы да Талғар — зәреңді алар: Ғалымжан Шерзатұлының өліміне кім кінәлі?