Испанияда Абай бейнеленген пошта маркалары шығарылды

cover

Испанияда Түркі әлемінің ұлы қайраткерлері - Абай Құнанбайұлы мен Узеир Гаджибейлиге арналған маркалар Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының демеушілігімен шығарылды. Бұл туралы Әзірбайжанның Қазақстандағы Елшілігі хабарлады.

Пошталық маркалар Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен Узеир Гаджибеков 135 жылдығына байланысты шығарылды.

Жоба түркі әлемінің көрнекті тұлғаларының құрметіне Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының қолдауымен және Әзірбайжан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігінің ұйымдастырушылық қатысуымен жүзеге асырылды.

Марка басылымының мақсаты - кең халықаралық аудиторияны түркі әлемінің көрнекті тұлғаларының шығармашылығымен таныстыру.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар