Испания короліне халық балшық лақтырды
Фото: BILD
Испания королінің су тасқынынан зардап шеккен Валенсия аймағына сапары жергілікті тұрғындардың ашу-ызасын тудырды. Король елдің премьер-министрі және Валенсия өңірі басшысымен бірге шығыс Испанияның зардап шеккен аудандарын аралап, табиғи апат салдарын өз көзімен көрді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алайда, ABC газетінің мәліметіне қарасақ, жергілікті тұрғындарды корольдің келуі қуантқан жоқ.
Олардың ашулануына, әсіресе, әскерилердің қала көшелерін тазалауға тек король келер алдында ғана кіріскені себеп болды.
Халық король келгенде ысқырып, «Қанішерлер!» деп айқайлап, балшық пен тас лақтыра бастады. Шу басталған соң, премьер-министр оқиға орнынан тез арада кетіп қалды, ал король елді сабырға шақырып, ары қарай көшелерді аралай берді.
Айта кетсек, қазан айының соңында Испанияның шығысында қатты жаңбыр жауып, Валенсия провинциясын су тасқыны басты. Салдарынан шамамен екі айлық жауын-шашын нормасы бірден түсті. Табиғи апаттан екі мыңдай адам із-түзсіз жоғалып, екі жүзден астам адам қайтыс болды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады