Ірі қара не болмақ - Ақсу сүт фермасындағы дау

cover

Павлодар облысының Ақсу қаласында сүт-тауар фермасы жабылу алдында тұр. Қала әкімі кәсіпорын басшылығын жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде құжаттарды бұрмалады деп айыптайды.

Ақсу қаласында «Крон-Агро» ШҚ ЖШС екі жылға жуық жұмыс істейді. Ақсу өңірінің аумағында 1000 басқа арналған сүт-тауар фермасы, 12 000 тоннаға арналған қазіргі заманғы көкөніс қоймасы ашылды, ауданы бір жарым мың га учаскеге суару жүйелері жүргізілді.

Шаруа қожалығынан ферма орналасқан жерді тартып алуы мүмкін. Жергілікті билік өз қаулысының күшін жою туралы сот ісін қозғады және кәсіпорын орналасқан жер учаскесін жалдау шартын бұзуды жоспарлап отыр. Толығырақ Orda.kz сайтында.

Мұның себебі жер комиссиясының теріс қорытындысының көшірмесі болды. Кәсіпорын директоры Дидар Бейсембаев комиссияның қорытындысы іс жүзінде оң болғанына сенімді.

Билік сондай-ақ «Крон-Агро» ШҚ басшылығын жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде автобазаны орналастырудан және оған қызмет көрсетуден сүт-тауар фермасын орналастыруға және оған қызмет көрсетуге құжаттарды бұрмалағаны үшін айыптады.

Ақсу қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөліміне талап арызы облыстық экономикалық сотта қарала бастады. Талапкер Ақсу әкімдігінің «Крон-Агро» ШҚ тиесілі «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы» қаулысының күшін жоюды талап етеді.

Әкімнің өзі мұндай шешімді қалалықтардың жағымсыз иіске шағымына байланысты қабылдағанын айтады.

Orda.kz редакциясы қалада не болып жатқанын анықтап, Ақсу қаласына тілшіні жіберуді ұйғарды.

Фермада және Ақсу қаласында болғанымда, жағымсыз иіс сезбедім.

orda.kz тілшісі

Кәсіпорын директоры Дидар Бейсембаев қалдықтардың арнайы сепараторға келіп түсетінін айтты. Ол көңді алынған фракцияларға бөлетінін, тыңайтқыш шөп сияқты иіс шығаратынын айтты. Қалдықтарды арнайы бөлінген орынға шығарады.

«Коровный» скандал в Аксу: что будет с молочной фермой

Ферма аумағы таза көрінеді.

«Коровный» скандал в Аксу: что будет с молочной фермой
«Коровный» скандал в Аксу: что будет с молочной фермой
«Коровный» скандал в Аксу: что будет с молочной фермой

Ферманың құрылтайшылары «Қазақстан алюминийі» АҚ бұрынғы президентінің, ал қазір Қырғызстан президентінің кеңесшісі Алмаз Ибрагимовтың екі ұлы.

«Коровный» скандал в Аксу: что будет с молочной фермой
Алмаз Ибрагимов

Ақсу тұрғындары не дейді

Ал қала тұрғындарының айтуынша, ферманың жағымсыз иісі бүкіл Ақсу өңірінде сезіледі. Әдетте, иіс көңді алып тастағанда бүкіл қала бойынша жүзеді.

— Үйім жақын маңайда. Үйдегі терезелерді қи иісінен ашу мүмкін емес, - дейді Ақсу тұрғындарының бірі Томирис.

«Коровный» скандал в Аксу: что будет с молочной фермой

Тағы бір тұрғын Меруерт ферманың иісін ешқашан сезбегенін айтады.

«Коровный» скандал в Аксу: что будет с молочной фермой

Тұрғындардың пікірі екіге бөлінді: сауалнамаға қатысқан 20 адамның бір бөлігі иіс шығады, ал екіншісі ферма иісі жоқ деген нұсқаны қолдайды.

Ақсу әкімі бұл туралы не ойлайды

Ақсу әкімі Нұржан Әшімбетовтың айтуынша, жағымсыз иіске шағымдар ол келгенге дейін де болған.

— Тұрғындардан шағымдар ақпан айында есеп беру кездесулерінде түсе бастады. Мен прокуратураға тексеру жүргізу үшін жүгіндім. Тексеру барысында жер комиссиясының теріс шешімі анықталды, - дейді Әшімбетов.

Әкім ферма неге басқа жерде салынбағанына таң қалады.

— Ауылдар өте көп, бұрынғы базалар мен сүт фермалары бар. Онда жобаны тыныш жүргізуге болар еді.

Бастапқыда бәрін заңға сәйкестік тұрғысынан қарастыру керек. Сот қандай шешім қабылдайтынын білмеймін.

Нұржан әшімбетов

Алайда кәсіпорын директоры Дидар Бейсембаевтың өз көзқарасы бар.

— Сүт фермасын салуды жоспарлаған кезде, жер телімін алдын ала таңдадық. Себебі қазіргі уақытта Камзин көшесі 2, «Крон-Арго» ШҚ бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның артында қоқыс тастайтын жер болған. Біз болашақта мақсатына қарай өзгертуге тырыстық, яғни қолайлы немесе сәйкес келмейтін қосымша жерді рәсімдеуді шештік. Сонымен бірге санитарлық-қорғау нормалары бойынша жобалап, қарап шығу керек, – дейді Дидар Бейсембаев.

— Қалалық сәулет басқармасы келісім берді. Жер комиссиясы облыс әкімінің қолы қойылған қаулы шығарды. Ол кезде қала басшысы Дычко (Ақсу қаласының бұрынғы әкімі) болатын.

Сот мені жер комиссиясын алдады деп тергемекші. Менімен келісім шартты бұзбақшы.

ДИДАР БЕЙСЕМБАЕВ

Жағдайға Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовта түсініктеме берді. Ол қалалар мен аудандарға қатысты мәселелер жұртшылықпен бірлесіп шешілуі тиіс екенін атап өтті.

— Жұртшылықты, сарапшыларды жинап, барлық тараптарды қанағаттандыратын шешім қабылдау керек еді. Бірақ соңында сот процестері жүріп жатқанда, қала тұрғындары жағымсыз иіске шағымдануды жалғастыруда, ал ферма қызметкерлері өздерінің болашағын уайымдауда. Екі жақ та біздің облысымыздың тұрғындары, біз олардың мүдделерін қорғауымыз керек. Мәселе шешімін белгісіз уақытқа созып жіберді, - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовке.

Енді Ақсу қаласының экс-әкімі Нұрлан Нәбиев бастаған Қоғамдық кеңес мүшелері кәсіпорынның мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар енгізетін болады.

Егер ферма жабылса, кәсіпорынның 200-ден астам қызметкері жұмыссыз қалады.

Сот талқылауы жалғасуда. Бұл оқиға қалай аяқталатынын ешкім білмейді.

Авторы: Карина Шайих-Закарина
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар