Ирандағы шабуыл салдарынан қаза тапқандар белгілі болды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Біріккен Араб Әмірліктері мен Иран соққылар салдарынан қаза тапқандар бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

БАӘ Қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі атып түсірген иран зымыраны сынықтары құлауынан бір «азиялық ұлт өкілі», яғни бейбіт тұрғынның қаза тапқанын мәлімдеді.

Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласындағы (Хормозган провинциясы) қыздарға арналған мектептің 24 оқушысы қаза тапқанын, сонымен қатар 40 адам қайтыс болып, 48 адамның зардап шеккенін IRNA хабарлады. Ал Tehran Times жергілікті билікке сілтеме жасап, 24 адамның көз жұмғанын жазды. Бұл ақпараттың өзге ресми растамасы жоқ.

Associated Press мәліметінше, Минабта Ислам революциясы сақшылар корпусының базасы орналасқан.

Иракта «Катаиб Хезболла» базасына жасалған соққыдан екі адам қаза тапқанын топ өкілі Agence France-Presse агенттігіне мәлімдеген.

Израильдің ұлттық жедел медициналық қызметі Маген Давид Адом соққылар салдарынан кемінде бір адамның жараланғанын хабарлады.

Катар ішкі істер министрлігі шабуыл салдарынан құрбандар мен қираулар болмағанын мәлімдеді.

Дәл қазір Қазақстан азаматтарының қазасы туралы хабар жоқ. Тек кейбір рейстердің тоқтауына байланысты шетелден елге ұша алмай отырған азаматтар бар екені мәлім болды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар