Ирандағы қыздар мектебінде қаза тапқандар 85 адамға жетті, 92 адам жарақат алған
Бейнеден кадр
Иранның білім министрлігіне сілтеме жасаған жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Ирандағы қыздар мектебінде қаза тапқандар саны 85 адамға жетті, тағы 92 адам жарақат алған, деп хабарлайды Orda.kz.
Fars және Tasnim агенттіктерінің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында оқушы қыздар мен олардың отбасы мүшелері бар. Кейбір ата-аналар балаларын мектеп ғимаратының алдында күтіп тұрған кезде соққыға ұшыраған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында үйінділерді аршу жұмыстары жалғасып жатыр, қираулар астында әлі де адамдар болуы мүмкін.
Мектеп ғимараты толықтай қираған. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Багаи қаза тапқандар саны 160 адамға дейін артуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Fars агенттігі сондай-ақ Ламерд қаласындағы (Парсы провинциясы) балалар спорт залына жасалған соққы туралы хабарлады. Алдын ала деректер бойынша, шабуыл кезінде залда балалардың 15-тен астамы қаза тапқан болуы мүмкін.
Бұған дейін АҚШ пен Израиль жасаған соққылар кезінде Минаб қаласында зымырандардың бірі қыздар мектебіне түсті. Бастапқыда 50-ден астам адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.
Еске салсақ, Иран үкіметі мен Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Израиль мен АҚШ әуе соққылары салдарынан Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің қаза тапқанын растады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Абай облысында екі ер адам «Газельде» түнеп, иіс тиіп көз жұмды
- Иран жаңа Жоғарғы көшбасшы сайлау туралы мәлімдеме жасады
- Иран Әли Хаменеидің отбасы мүшелерінің қаза тапқанын растады
- Ирандағы қыздар мектебінде қаза тапқандар 85 адамға жетті, 92 адам жарақат алған
- Ирандағы елшілік Қазақстан азаматтарын дайын болуға үндеді
- Тоқаев өңірдегі шиеленіске қатысты Парсы шығанағы елдері көшбасшыларына жолдау арнады
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
- Иран Жоғарғы көшбасшысының қаза тапқанын растады
- Тоқаев конькимен жүгіруші Кристина Шумекованы әлемнің абсолютті чемпионы атануымен құттықтады
- Air Astana 4 наурызға дейін Таяу Шығыс елдеріне барлық тұрақты рейстерін тоқтатты
- 1 наурызда Астанада мен 11 өңірде дауылды ескерту жарияланды
- БАҚ: Иранның жоғары лидері Әли Хаменеи өлтірілді
- Тегеранда Хаменеидің келіні мен күйеу баласы мерт болды: Қаза тапқандар саны 200-ден асты
- Иран қарулы күштері Таяу Шығыстағы АҚШ-тың 14 әскери базасына cоққы жасады
- Странджа кубогы: Қазақстан ерлер құрамасының екі боксшысы жартылай финалға өтті
- Иран «өзін қорғауға заңды құқығы» бар екенін мәлімдеді
- Ирандағы шабуыл салдарынан қаза тапқандар белгілі болды
- Қазақстан авиациялық әкімшілігі: Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан әуе кеңістігіндегі ұшулар тоқтады
- Тоқаев Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шаралары бойынша тапсырма берді
- Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс нөмірлері