Иран Жоғарғы көшбасшысының қаза тапқанын растады

cover Фото: Ашық дереккөзден

Иран үкіметі мен Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Израиль мен АҚШ әуе соққылары салдарынан Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің қаза тапқанын растады. Осыған байланысты ел аумағында 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz. 

«Бұл жолы да біз ислам үмбетіне және әлемнің еркін халықтарына сүйене отырып, бар күш-жігеріміз бен табандылығымызды танытып, осы ұлы қылмысты жасағандар мен оны ұйымдастырушыларды істеген істеріне өкіндіреміз», деп атап көрсетілген Иран үкіметінің ресми мәлімдемесінде. 

Сонымен қатар, КСИР баспасөз қызметі жақын уақытта «Иран Қарулы күштері тарихындағы ең ауқымды шабуыл операциясының» басталатынын хабарлады.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар